Сенаторлар жаңартылатын энергия көздері және электр энергетикасы туралы заң жобасын қарайды

Палата Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Бюро отырысы өтті, онда депутаттар Сенаттың алдағы отырысының күн тәртібін талқылап, Мәжілістен келіп түскен заң жобаларын Комитеттер арасында бөлісті. Сенаттың кезекті отырысы 2020 жылғы 26 қарашада өтеді.

Депутаттар Парламент Мәжілісі мақұлдаған «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін және электр энергетикасын пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын қарайды.

Сонымен қатар, Мәжілістен келіп түскен заң жобаларын бөлу барысында Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі комитетіне бірқатар заң жобалары берілді. Атап айтқанда, бұл Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің жобасы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары. «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының экология мәселелері жөніндегі Кодексін қолданысқа енгізу туралы «Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы болып отыр.

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестер қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобалары бойынша қорытындылар дайындайды. «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша қорытынды дайындайтын болды.

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адамдарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығарып жіберу кезінде ұстау мерзімдерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын пысықтаумен айналысады.

Сондай-ақ, сенаторлар Бюрода 2020 жылдың 4 желтоқсанында «Жаңа жағдайдағы экономикалық даму: Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы мемлекеттік саясат пен құқықтық реттеуді жетілдіру» тақырыбымен өтетін парламенттік тыңдауларды дайындау және өткізу мәселесін талқылады.

Парламенттік тыңдауларды өткізуді ұйымдастыру Парламент Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетіне жүктелді. Комитет пен Сенат Аппаратына тыңдауларды дайындау және өткізу жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

Добавить комментарий