Сенаторлар Байденнен 3 дипломатты елден шығаруды талап етті

АҚШ сенаторлары Байденнен Ресей үкіметіне АҚШ-тың РФ-дағы дипломатиялық корпусының штатын кеңейтуді, болмаса Вашингтоннан 300 ресейлік дипломат шығарылатынын айтуды талап етті.

Сенаторлардың пікірінше, «дипломатиялық өкілдікте теңгерімсіздікке жол берілмеу керек».

Бұл туралы сейсенбі күні сенатор Марко Рубионың (Флорида штатының республикашысы) сайтында жарияланған мәлімдемеде айтылған.

Екі партияның сенаторлары АҚШ президенті Джо Байденнен РФ-ға АҚШ-тың Мәскеудегі елшілігі қызметкерлерінің санын арттыруды сұрауға, ал бас тартқан жағдайда 300 ресейлік дипломатты елден шығарып жібеуді талап етті.

Рубио, сондай-ақ АҚШ Конгресінің жоғарғы палатасының басқа да мүшелері, атап айтқанда Марк Уорнер (Вирджиния штатының демократы), Джим Риш (Айдахо штатының республикашысы) және Роберт Менендес (Нью-Джерси штатының демократы) Байденге тиісті хат жолдады. Олар Америка басшысын «Мәскеудегі АҚШ елшілігінің штатын кеңейту үшін шұғыл шаралар қабылдауға және РФ үкіметі әріптестік орнатпаса, 300 ресейлік дипломатты елден шығарып жіберуге» шақырды. Сенаторлардың аайтуынша, «дипломатиялық өкілдікте мұндай теңгерімсіздікке жол берілмеу керек».

Добавить комментарий