Сенат рақымшылық туралы заң қабылдады

Қазақстан Президенті Сенат қабылдаған рақымшылық туралы заң жобасына қол қойды.

Заң жобасы бойынша 2 292 сотталушыға, пробациялық бақылауда тұрған 11 753 адамға рақымшылық жасалады.

Сенат ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық туралы заң қабылдады.

Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде іске асырылады.

Заң нормасы азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстар жасағаны үшін сотталғандарды, оның ішінде әлеуметтік осал адамдар санатындағы азаматтарды босатуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ теріс қылықтар мен онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін жазадан босату, сондай-ақ ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін сотталғандардың өтелмеген жаза мерзімін қысқартуға бағытталған.

Алдын ала есептеулер бойынша, 2 292 сотталушыға, пробациялық бақылауда тұрған 11 753 адамға рақымшылық жасалады.

«Біріншіден, 1000-ға жуық адам бостандыққа шығады, сондай-ақ, 3,8 мың адам пробация қызметі есебінен шығарылады. Екіншіден, жазаның өтелмеген мерзімін қысқарту 1294 сотталған мен пробация қызметінде есепте тұрған адамға қолданылады. Үшіншіден, сотқа дейінгі іс жүргізудегі 5000 қылмыстық іс қысқартылады, оның ішінде 1674-тен аса адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылады, 1471 адамға қатысты жаза мерзімін қысқарту немесе босату жөніндегі ережелер қолданылады», — деді ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев.

Мүгедектігі бар сотталғандардың арасында тек бір адамға және 12 кәмелетке толмаған балаға тәртібіне байланысты жаза мерзімі қысқартылады.

Добавить комментарий