Сенат ЕАЭО аумағында бағалы металдардың еркін айналымы туралы заң қабылдады

Сенаторлар Палата отырысында ЕАЭО аумағында бағалы металдар мен олардан жасалған бұйымдардың айналымына, мемлекетаралық стандарттауға, сондай-ақ ЕАЭО аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға қатысты бірқатар заңдар қабылдады.

Қазақстандық зергерлік бұйымдарды ЕАЭО аумағына экспорттау енді жеңілдейді. Мұндай жаңалықтар «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы» заңда жазылған. Бұдан басқа, бұл келісім, бір жағынан, қазақстандық нарыққа сапасыз зергерлік шикізат әкелуден қорғауға мүмкіндік береді, ал екінші жағынан — аффинаж алтынын өндірісін ұлғайтуға және ЕАЭО кедендік аумағында бағалы металдар мен тастардың еркін айналымы үшін қажетті жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Тағы бір заң мемлекетаралық стандарттауды жетілдіруге, сондай-ақ ТМД Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық кеңес қабылдайтын құжаттарды тарату және пайдалану қағидаттарының бірлігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Нормалар сенаторлар қабылдаған «Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату туралы келісімді ратификациялау туралы» заңда жазылған.

Бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаны сотталғандардың өздері азаматтары болып табылатын мемлекеттерде өтеуі үшін жағдай жасауға «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындауды беру туралы конвенциясын ратификациялау туралы» Заң көмектеседі. Сенаторлар бүгін Палата отырысында оны да қабылдады. Бұл дегеніміз, егер адам ТМД елдерінің аумағында сотталған болса және жаза бас бостандығынан айырумен байланысты болмаса, онда ол өз Отанына орала алады және бұл жаза өз елінде орындалады. Мұндай қағидат сотталғандардың қоғамдағы толыққанды өмірге тиімді оралуына да ықпал етеді.

«Бүгін қабылданған заңдар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және Еуразиялық экономикалақ одақ шеңберінде мемлекетаралық ынтамақтастықты одан әрі нығайтуға арналған. Олар азаматтарымыздың құқықтарын қорғауды күшейтуге, ТМД деңгейінде мемлекетаралық стандарттау жүйесін тиімді пайдалануға, сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде бағалы металдар мен қымбат тастар нарығын дамытуға мүмкіндіктер береді», — деп атап өтті Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев заң жобаларын қарауды қорытындылай келіп.

Сенаторлар отырыста депутаттық сауалдарды да жария етті. Сүйіндік Алдашев Каспий теңізінде мамандандырылған құтқару қызметін құру мәселесін көтерді. Қанатбек Сафинов мемлекеттік функцияларды бәсекелі ортаға және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына беруді жандандыру маңызды деп санайды, ал Сұлтан Дүйсембинов жеміс бақтарын сақтау үшін қажетті отандық биопрепараттарды өндіру және сынақтан өткізу қажеттігі туралы айтты.

Добавить комментарий