Семейде жантүршігерлік жол апаты орын алды: ер адам қаза тапты

Семейде Land Rover автокөлігін тізгіндеген жүргізуші жаяу жүргіншілерді қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кетті.

«Land Rover маркалы автокөліктің 29 жастағы жүргізушісі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелімен өтіп бара жатқан екі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кетті. ЖКО салдарынан 20 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды, ал дене жарақатын алған 16 жастағы қыз ауруханаға жатқызылды», — деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті.

ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) және 347-бабы (жол-көлік оқиғасы болған жерді тастап кету) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«Жүргізуші ұсталып, УҰИ-ге қамалды», — деп толықтырды полицейлер.

Добавить комментарий