Семейде бопсалаушылар тобы ұсталды

Семейде Қоғамдық қордың атын жамылып әрекет еткен бопсалаушылар тобы ұсталды, олар УҰИ-ге қамауға алынды.

Бопсалаушылар өз құрбандарын жалдамалы пәтерлерде ұстаған.

ІІМ-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері ҰҚК-мен бірлесіп, Абай облысы прокуратурасының үйлестіруімен арнайы операция жүргізді.

«Өздерінің криминалдық қызметін топтың мүшелері ресми түрде тіркелген қоғамдық қорды формальды құру арқылы мұқтаж тұрғындарға қайырымдылық көмек көрсету түрінде жүзеге асырып отырған. Қордың Instagram әлеуметтік желісінде жеке парақшасы бар. Құрылған күннен бастап қордың есепшотына қаражат түспеген. Күдіктілер қорды қаржыландырамыз деген сылтаумен жергілікті жастардан және есірткі пайдаланатын адамдардан ақша бопсалаған. Кейбір жағдайларда қылмыскерлер өз құрбандарын талап еткен ақшаны алғанға дейін жалдамалы пәтерлерде ұстаған», — деді ҚР ІІМ ҰҚҚКБ басқармасының бастығы Қуандық Алпыс.

Бопсалаудың 7 фактісі анықталды.

Арнайы операция барысында 19 тінту іс-шарасы жүргізіліп, суық және травматикалық қару тәркіленді.

18 адам полицияға жеткізілді, олардың ішінде қылмыстық топтың 8 негізгі қатысушысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

 

Добавить комментарий