Семей: Ер адам әйел мен оның екі баласын қағып, қашып кетті

Жүргізуші әйел мен оның екі баласын қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кетті.

Ашық ақпарат көздерінде жарияланған ақпаратқа сәйкес, балалар екі және үш жаста болған.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 10 қарашада болған.

Шамамен сағат 18:00-де белгісіз жүргізуші Морозов — Шевченко көшелерінің қиылысында әйел мен оның баласын қағып, жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткен. Қазіргі уақытта аталған көлік құралын тізгіндеген жүргізушісін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіп жатыр, — деп хабарлайды ШҚО ПД.

Тәртіп сақшылары бейнекамералар көп орнатылғанына қарамастан жүргізушінің жеке басын жедел анықтап, оны ұстай алмай отырғаны таң қалдырады.

Добавить комментарий