Семей: қалалық қоқыс полигоны өртеніп жатыр

Семей қаласының маңында төртінші күн қатарынан қоқыс полигоны өртеніп жатыр. Қала тұрғындары өрттің қою түтініне тұншығуда. Қоқыс полигоны төрт күннен бері өртеніп жатыр.

Өрт сөндірушілер сол маңнан жұмыс істеп жатыр, өтілсіз жау ауыздықталғанына қарамастан, тереңде жатқан қалдықтар қайта-қайта жанып жатыр.

Қала тұрғындары экология министріне жүгінді. Тұрғындар болып жатқан оқиғаларды катастрофа деп отыр:

Қалалық экологиялық бақылау бөлімінің хабарлауынша, полигон иесіне 300 АЕК айыппұл салынды. Бұл — 900 мың теңге. Ал егер қылмыстық іс қозғалса, онда айыппұл 10 есеге өсуі мүмкін. Айта кетейік, қоқыс полигоны биылдыққа бесінші рет өртеніп жанып. Билік жаңа полигон салуды жөн көріп отыр.

Біз Әкімшілік кодекстің 344-бабы бойынша ЖК Хазиповты әкімшілік жауапкершілікке тарттық, қазіргі таңда ЖК Хазипов полигоны экологиялық талаптарға сәйкес келмейді. Сондықтан бізге шұғыл түрде жаңа полигон салу қажет. Семей қаласының әкімдігі қаражат бөлді, жаңа полигон қаладан 13 шақырым қашықтықта орналасады, онда қоқыс өңдеу зауыты салынады, — деді Семейдің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы Нұрлан Сейтенов.

Добавить комментарий