Саунада балалар лагерін ұйымдастырған Алматы қаласы білім басқармасы бөлім басшысы ұсталды: пара және даулы конкурс

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратураның үйлестіруімен білім басқармасының Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы ұсталды. Ол мегаполистің білім беру мекемелерінде жетім балалар мен ата-аналар қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған лагерьді ұйымдастыру жөніндегі қызмет көрсетушіден 10% -дан астам сомада пара алуға оқталды деген күдікке ілінген. Пара жеткізуші компанияны конкурстың жеңімпазы деп тануға арналды. Жеткізуші балалар лагерін толыққанды ұйымдастыру үшін қажетті материалдық және еңбек ресурстарына ие болмай, байқаудың жеңімпазы болып танылды. Сот санкциясымен шенеунік қамауға алынды.Еске сала кетейік, биыл шілде айында Алматыда балалар лагері саунада ұйымдастырылған болатын, онда әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балалары болған.

Добавить комментарий