Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 24 000 теңге азық-түлік сатып алғанын айтты. Бұл сомаға ол жеміс-жидек, көкөніс, ашытылған сүт өнімдері мен ет сатып алған.
«Бұл жаңа жылға арналған себет емес, ең қажетті азық-түлік алдым. 24 мың теңге төледім. Мен құрма, қызанақ, қияр, ет, ашытылған сүт өнімдерін, екі нан — стандартты өнімдерді сатып алдым», — деді министр.
Ол базарда азық-түлік бағасы 9,8%-ға дейін өскенін атап өтті. Алайда, Жаңа жылға арналған дастарханға не сатып алғаны туралы сұраққа жауап бермеді.
«Базарда зейнеткер әженің айтқан сөзі ұнады: «Тәбетің мен әмияныңа байланысты азық-түлік сатып аласың». Орташа себетке қанша теңге жұмсалатынын айту қиын», — деп түсіндірді министр.