Сауд Арабиясының ханзадасы өлім жазасына кесілді

Вашингтонның Парсы шығанағы елдерін зерттеу институты (Gulf Institute) Сауд Арабиясында король Салманның жиені, ханзада Фахд бин Турки бин-Абд Әл-Азизге қатысты үкім шығарылғанын хабарлады

Әскери сот Йемендегі Сауд Арабиясы күштерінің бұрынғы қолбасшысын мемлекеттік опасыздық жасағаны үшін кінәлі деп тапты. Билік Фахд король Салман мен оның ұлы Мұхаммед бин Салманды биліктен кетіру мақсатында үкіметке қарсы төңкеріс ұйымдастыруға қатысы бар деп есептейді.

(Институттың сауалнамасына қатысқан сарапшылар төңкеріске Мұхаммед бин Салман қатысы барын айтады. Олардың айтуынша, осылайша ол қамауға алынған ханзаданың отбасын мемлекеттік қазынаны толықтыруға мәжбүрлегісі келеді: елде экономикалық жағдай нашарлап барады деп болжануда.

Ханзада Фахд 2020 жылы қыркүйекте ұлы Абдулазизбен бірге тұтқындалды.

Добавить комментарий