Сарбаздың өлімі: күдікті ұсталды

Жамбыл облысында Қазақстан Қарулы Күштеріне борышын өтеуге келген сарбаздың өліміне қатысты күдікті ұсталды.

Марқұм сарбазбен бірге отан алдында борышын өтеп жүрген азамат адам өліміне әкеп соқтырған жарғылық ережелердi бұзды деген күдiкке іліндi.

Бас әскери прокуратура Жамбыл облысында сарбаз Әлібек Қалбайдың өліміне қатысты күдіктіні анықтады.

ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасының ведомствоаралық жедел-тергеу тобы күдіктіні ұстады.

«Ұстауға куәгердің айғақтары және зорлық-зомбылық өлім белгілері бар сот-медициналық сараптаманың нәтижелері негіз болды. Материалдар сотқа қамауға алуға бұлтартпау шарасын санкциялау үшін жіберілді», — деп хабарлады прокуратура.

Күдіктінің іс-әрекеті адамның өліміне әкеп соққан жарғылық ережелерді бұзу ретінде сараланған (ҚР ҚК 440-бабы 4-бөлігі).

Сотқа дейінгі іс жүргізу жалғасуда.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Жамбыл облысында мерзімді әскери қызметшінің қайтыс нақты себептерін анықтауды тапсырған болатын.

Добавить комментарий