Сарапшылардың пікірінше, биткоин бағасы 100 мың долларға жетуі мүмкін

Биткоинның бағасы 2021 жылдың соңына қарай 80-100 мың долларға жетуі мүмкін, ал таяу бірнеше айда криптовалюта бағасы 60 мың долларға дейін өсуі мүмкін.

CoinDesk порталының мәліметі бойынша, биткоин сауда сессиясы барысында 10,54 пайызға өсіп, 52 576 долларға жетті,.

“1,5-2 ай ішінде биткойнның бағасы 60 мың долларға дейін, ал жыл соңына қарай 80-100 мыңға дейін көтерілуі мүмкін”, — деді швейцариялық Newcent қаржы компаниясының бас директоры Владимир Сметанин.

Сарапшы соңғы екі апта ішінде криптовалюта нарығы қайта сатып алу кезеңінде болғанын, содан кейін күтілетін түзетулер болғанын атап өтті.

«Ақпан айының соңынан наурыздың ортасына дейін барлық нарықтардағы көңіл-күй дәстүрлі түрде бейтарап болады, жыл сайын осы уақытта нарықтар түзетіледі. Сондықтан наурыздың ортасына дейін бейтарап немесе түзетуші көңіл-күй басым болады және осы кезеңде биткоин 30 мың долларға дейін төмендеуі мүмкін деп болжап отырмыз. 30-45 күннен кейін біз биткойнның 60 мың және одан да жоғары өсімін күтеміз», — деп түсіндірді Сметанин.

Добавить комментарий