Сарапшылар Украинадағы соғыс РФ жоспары бойынша жүріп жатқан жоқ деп санайды

Ресей президенті Владимир Путин Украинаға шабуылын РФ егемендігіне қауіп төндірген Киев кінәлі екенін және Мәскеу қорғану үшін осындай әрекетке баруға мәжбүр болғанын бірнеше рет мәлімдеді.

Батыстың саясаттанушылары олардың айтқанымен үзілді-кесілді келіспейді. «Шын мәнінде РФ Украинаны мемлекет ретінде жер бетінен жоқ қылып, оның әскери-саяси қолбасшылығын жою мақсатында Украинаға қарсы кең ауқымды соғыс ашты. Соғыстың алғашқы жарты жылында бұл анық байқалды: бүкіл Украина аумағы бойынша инфрақұрылым нысандарын жою, сондай-ақ, Мариупольдің күл-талқанын шығарды. Владимир Зеленский бағаалауы бойынша, қаланы қалпына келтіру үшін 14 млрд доллар қажет, — деп жазады украиналық саясаттанушылар.

Батыс сарапшыларының пікірінше, Ресейдің жағдайы мүшкіл.

«Өз кезегінде соғыстың алғашқы алты айы Ресей үшін сәтсіздікке ұшырап, оған стратегиялық залал келтірді. Ресей әскерлері путиндік режимнің алдына қойған мақсаттарының бірде-біріне қол жеткізе алмады, бірақ РФ ресмилері бәрі жоспар бойынша жүріп жатыр деп бірнеше рет мәлімдеді. Қазіргі таңда Ресей әскерлері ұрыс алаңында ілгерілемейді, ал егер олар елді мекенді басып алса, онда Ресей әскері орасан зор шығынға ұшырайды. Украина Бас штабы Ресей президенті Владимир Путин Донецк облысын Ресей әскерлерінің басып алу мерзімін 31 тамыздан 15 қыркүйек күніне дейін ұзартқанын мәлімдеді. Путин үшін Донецк облысының әкімшілік шекарасына шығу маңызды, себебі оны Ресей әскерінің жеңісі үшін Ресей халқына беруге болады «, — деп мәлімдейді батыстық саясаттану саласындағы мамандар.

Ресей армиясы басып алған Украина аумақтарында референдумдар бірнеше мәрте кейінге шегерілді. Алдымен аталмыш іс-шараларды тамызда өткізіледі деп жоспарланған болатын, содан кейін басқыншылар 11 қыркүйекте жалған референдумдар өткізуді жоспарлаған, бұл Ресейде Бірыңғай дауыс беру күнімен сәйкес келеді.

Әскери сарапшылар мен саясаттанушылар Украина аумағында болып жатқан оқиғалар Ресейдің жоспары бойынша жүргізілмей жатыр деп есептейді

«Екі жағдайда да Мәскеудің жоспары сәтсіз аяқталды. Қазіргі таңда «Единая Россия» партиясы бас кеңесінің хатшысы Андрей Турчак қарашаның басында Ресейдің Украина аумағына қосылуы туралы референдум өткізуді ұсынды. Осылайша, «референдумдар» Халық бірлігі күніне орайластырғысы келеді. Жыл сайынғы мерекесі — 4 қараша. Қазіргі таңда Украина аумағын референдум арқылы аннексиялауды ұйымдастыру әрекеті сәтсіз аяқталды деп айтуға болады, себебі басып алынған аумақтарда украиндықтар тарапынан белсенді партизандық әрекеттер жүргізілуде, бұл басып алушыларға халықты өзіне бағындыра алатын «берік билік» орнатуға мүмкіндік бермейді. Сондай-ақ Украина Қарулы Күштерінің қарсы шабуыл әрекеттері Кремльдің барлық жоспарларын бұзады «, — деп мәлімдейді Украинаның әскери сарапшылары.

Американдық соғысты зерттеу институтының талдауына сәйкес, Украинаның контршабуылы Ресейдің басып алынған оңтүстіктегі логистикалық және әкімшілік мүмкіндіктерін айтарлықтай әлсіретеді.

Әскери сарапшылар мен саясаттанушылар Украина аумағында болып жатқан оқиғалар Ресейдің жоспары бойынша жүргізілмей жатыр деп есептейді

«Айта кету керек, путиндік режим үшін қазіргі таңда референдум өткізу басты міндет емес. Украинаның қарсы шабуылы аясында, оңтүстікте ресейлік әскери қолбасшылық Донбасста өзінің шабуылын қолдау үшін жедел резервтерді өрістету немесе оңтүстіктегі украин күштерінен қорғану туралы дилеммаға тап болды «, — деп есептейді әскери сарапшылар.

«Осылайша, 24 ақпаннан бастап РФ әлемдік аренадағы өзінің дипломатиялық және экономикалық позициясын әлсіретті және тірі күшінде де, әскери техникада да апатты шығынға ұшырайды», — деп қорытындылайды украиналық саясаттанушылар.

Добавить комментарий