Ресей президенті Владимир Путин жақындағы мәлімдемесінде РФ-да мобилизацияланғандар саны 318 мыңға жеткенін, оның ішінде Украина аумағында мобилизацияланған 80 мыңға жуық сарбаз жүргенін хабарлады. РФ Қорғаныс министрлігі мобилизациямен қатар сотталған азаматтарды белсенді жұмылдыруда. Путин оларды мобилизациялауға мүмкіндік беретін заңға қол қойды. Бұл мәлімдемелер күмән тудыруы мүмкін, өйткені Путин бір мезгілде бірқатар ауыр қылмыстар жасағаны үшін сотталған азаматтарды мобилизация аясында әскерге шақыруға мүмкіндік беретін заңға қол қойды.
«Бұл мобилизацияның сәтті жүргзілімегенін және де Ресейде Украинаға соғысқа аттанғысы келетіндердің қарасы аз екенін көрсетеді. Сондықтан да Ресей президенті кез келген адамды әскерге шақыруға мүмкіндік беретін заңға қол қойды. Жазасын өтеп жатқандарды мобилизациялауға рұқсат беру арқылы Путин азаматтық ресейлік ер адамдарды емес, сотталғандарды әскерге шақыра отырып, әлеуметтік шиеленістің алдын алуға тырысып жатқан мүмкін», — деп хабарлайды украиналық саясаттану саласындағы мамандар.
Украинаға мобилизацияланған ресейліктер топ-тобымен жіберілсе де, бұл соғыстың барысын Ресейдің пайдасына өзгерте қоймас, деп жазады батыстық әскери сарапшылар басылым беттеріндегі Украина Қорғаныс министрлігі жариялаған соғыс алаңындағы мобилизацияланғандарға қатысты проблемаллар мен жоғары өлім-жітім көрсеткішіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, батыс елдерінің әскери талдаушылары былай деп мәлімдеді: «Кіші офицерлер құрамының біліктілігі нашар. РФ-да 300 000 адамды мобилизациялаған болса, онда мұндай әскерге кем дегенде 30 000 білікті және тәжірибелі сержант керек. Бұл қатарға 10 000 лейтенант, 3000 капитан және 1000 майорды қосса болады. Бұл мобилизацияланған 300 000 сарбаздың жауынгерлік қабілетті қандай болуы керек екенінің ықтимад пропорциясы. Бұл ретте, мобилизацияланғандардың біліктілігі неғұрлым аз болса, онда кіші офицерлер құрамының өкілдерінің тәжірибесі соғұрлым мол болуы керек. Армияда әуел баста білікті сержанттар, лейтенанттар және тағы басқасының қажетті саны болмаса, онда оларды бір күннің ішінде табу мүмкін емес. РФ-да мобилизацияланған ресейліктерді жауынгерлік міндеттерді сәтті орындау үшін дайындайтын құрылым жоқ».
Батыстың бірқатар мамандары Ресей әскерінің сарбаздары нашар жабдықталған деп есептейді. Украиналық баспасөз құралдары УҚК Бас штабының мәліметтеріне сілтеме жасай отырып, сарбаздар соыс алаңына азаматтық киім киіп келгенін жазады».
Сондай-ақ, ашық ақпарат көздерінде Солтүстік Кореядағы бірқатар фабрикалар ресейлік әскерилер үшін қысқы форманы тігуге кіріскені хабарланды. Британдық барлау қызметі мобилизацияланғандар Ресей армиясындағы сыбайлас жемқорлыққа байланысты нашар жабдықталғанын мәлімдеді. Оларға броньды кеудешелерді өз қалтасынан ақша шығарып, сатып алуға мәжбүр.
Сарапшылар сондай-ақ ұйымдастыру төмен деңгейде екенін жазады. Атап айтқанда, РФ әскері қысқа, бірақ қарқынды соғыс жүргізуге ғана дайын. Оның әскери бөлімшелеріне тылдық қамтамасыз ету мәселесінде қиындықтар бар, ал әскери жабдықтары мен қару-жарақтары Украинадағы ұзаққа созылып бара жатқан соғысқа жарамайды.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, сарапшылар майданға аттанған ресейліктердің ешқандай мүмкіндігі жоқ деп мәлімдейді.