Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, бүгін, 5 шілде 17 сағат 40 минутта Алматы облысында Eurocopter EC 130B4 тікұшағы жайсыз қонды.
Тіркеу нөмірі UP-EC008, «Q-AVIA» ЖШС пайдаланушысы. Әуе кемесінің бортында экипаждың бір мүшесі және екі жолаушы болған, зардап шеккендер жоқ.
«Аталған факті бойынша комиссия құрылды, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру басқармасы тергеу жүргізетін болады», — деп хабарлады ААК.
Eurocopter EC 130B4 — алты орындығы бар, әртүрлі мақсаттарға арналған тікұшақ. Оны экскурсиялық ұшу, VIP-жолаушыларды тасымалдау, теңіз және тауларда жұмыс істеу, аэротүсірілім және т.б. жағдайларда пайдаланады.