Сарапшылар РФ-ның қауіпсіздік туралы уәдесі — құр сөз деді

Ресей Президенті Владимир Путин ел қауіпсіздікте болады деп уәде берді. 2022 жылдың желтоқсан айында РФ президенті Ресейдің барлық аумақтарында, соның ішінде жаңадан қосылған жерлерде барлық азаматтардың өмірі қауіпсіз болатынын мәлімдеді. Батыстың сарапшылары сол уақыттан бері олар қауіпсіздікте болған жоқ деп есептейді.

«РФ-дағы қауіпсіздікке қатысты проблемалар мен қылмыс саны артуына бірінші кезекте әр түрлі жеке әскери компаниялардың қатарында Украина аумағында соғысқан сотталған қылмыскерлердің елге қайтып оралуы себеп болып отыр. Төменде бұрынғы сотталғандар, ал қазір «арнайы әскери операция» ардагерлері жасаған ауыр қылмыстар бойынша бірнеше мысалдарды келтірейік», — деп мәлімдеді батыстық саясаттанушылар.

Мысал ретінде «АӘО» ардагері Денис Степанов келтіріледі, ол өзімен бірге тұрған әйел мен оның анасы ұйықтап жатқан кезде үйін өртеп жіберген. Хабарланғандай, аталған оқиғадан бір күн бұрын Степановтың досы қызғаныштан жанжалдасып, кейін әйел оның үйінде түнеуден бас тартқан. Үйдің иесі 68 жаста, ал қызы 35 жаста болғаны хабарланды.

Анықтама! Степанов алтыншы рет жазасын өтеп жатқан кезде РФ ҚК-мен келісімшартқа қол қойды.

Сонымен қатар, батыстық саясаттанушылар соғыс алаңынан елге оралған тағы бір қылмыскер өзінің әйелі мен алғашқы некесінен туған қызын ұрып-соққанын хабарлады. Басынан ауыр соққы алған 4 жасар қыз қайтыс болды.

Украинада «Вагнер» ЖӘК қатарында соғысқан Иван Гречко тұрмыстық жанжалдың салдарынан әпкесінің үстіне бензин құйып, оны тірідей өртеп жіберген.

Осылайша Гречко қайтадан темір қапасқа қамалуы мүмкін. Былтыр ол кісі өлтіргені үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылған.

Волгоград облысында «экс-вагнерші» Алексей Хлебников кәмелетке толмаған жиенін зорлады. Хлебников екі рет сотты болған, 2018 жылы екінші рет кісі өлтіргені үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылған.

«Соғысқа түрмелер мен колониялардан кісі өлтірушілер мен қыз зорлаушылар аттанды, олар әскери тәжірибе алғаннан кейін бұрынғыдан да қатыгез болып қайтып келді. Олардың барлығына рақымшылық жасалды. Енді ресейліктерді қауіпсіздікте өмір сүретініне кім кепіл?», — деп жазады батыс саясаттанушылары Украина аумағында соғысқан бұрынғы сотталғандардың РФ-дағы қатыгез қылмыстарына түсініктеме бере отырып.

Добавить комментарий