Сарапшылар ресейліктер үшін ядролық соққының салдары қандай болатынын айтты

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің бірнеше мәрте Ресей аумағын қорғау үшін ядролық қаруды қолдануға дайын екендігі туралы мәлімдемесі алаңдаушылық тудырды.

Ядролық қаруды Украина мен оның Батыстық серіктестеріне қатысты қолданылады деп айтылып жатқанымен, ресейліктер оның салдарынан қауіптенуде.

Ресей ядролық қаруды қолдану мүмкіндігін жоққа шығармауда. Мәселен, 22 қыркүйекте Дмитрий Медведев Ресей Украинаға ядролық қаруды қолдануға дайын екенін мәлімдеді. Ол Владимир Путин ядролық қару қолданамын деп қоқан-лоқы көрсеткеннен кейін осындай мәлімдеме жасады.

«Ресей мұндай қорғаныс үшін мобилизациялық мүмкіндіктер ғана емес, сондай-ақ кез келген ресейлік қаруды, оның ішінде стратегиялық ядролық қару мен жаңа принципке негізіделген қару қолданылуы мүмкін екенін жариялады», — деп мәлімдеді ол.

27 қыркүйекте Медведев Ресей ядролық қаруды қолдануы мүмкін екен екенін керзекті рет айтты.

«Ресей елімізге ауқымды агрессия актісін жасаған Украина режиміне қарсы ең қауіпті қаруды қолдануға мәжбүр болды деп елестетіп көрейік. НАТО қақтығысқа тікелей араласпайды деп ойлаймын. Солтүстік Атлант альянсы үшін Вашингтон, Лондон, Брюссельдің қауіпсіздігі ешкімге керегі жоқ әр түрлі қарумен жабдықталған Украинаның тағдырынан гөрі әлдеқайда маңызды. Заманауи қару-жарақты жеткізу — батыс елдері үшін жай ғана бизнес, расында бізге деген өшпенділікті . Одан артық ешнәрсе емес. Мұхиттың ар жағындағы және еуропалық демагогтар ядролық апокалипсисте өлуге дайын емес. Сондықтан да қазіргі қақтығыста кез келген қаруды пайдалану қауіпті», — деп мәлімдеді ол.

Батыс сарапшылары оның салдары Ресей мен оның халқы үшін ауыр болуы мүмкін деп мәлімдеді.

Украинада ядролық қаруды қолдану Ресейдің өзіне қайшы келеді, деп есептейді НАТО-ның Ресейдегі ақпарат бюросының бұрынғы жетекшісі, Қазимира Пуласки қорының ғылыми қызметкері Роберт Пшель.

«Әлемнің, Украина мен Ресейдің ғана емес, бүкіл әлемнің көзқарасы бойынша, орын алып жатқан оқиғалар Чарли Чаплиннің әйгілі «Диктатор» фильміне ұқсайды, онда диктатор глобуспен ойнайды, — деп түсіндіреді Пшель. — Бұл [ядролық қаруды қолдану] Кремль басшысының ешкіммен санаспайтынын, барлығы үшін, ең әуелі Ресей үшін қайғылы жағдаймен аяқталатын қадамға баруға дайын екенін білдіреді. Әр апта сайын Путиннің шынайы әлеммен байланысы қандай күйде болатынына күмәнім артып барады. Менің ойымша, ол халықаралық қоғамдастықты айтпағанда, Ресейдің өзінде не болып жатқанын жете түсінбеуде. Бұған тағы не қосса болады? Не дегенмен НАТО өз арсеналында қарапайым және ядролық қаруы бар ұжымдық қорғаныс ұйымы болып қала береді».

Атом энергетикасы саласындағы Екатеринбургтік сарапшы, ядролық физик Дмитрий Горчаков отбасымен Ресейден Литваға кеткен, ол ядролық қаруды қолданудың салдары Ресей үшін, оның экологиясы мен ең бастысы халқы үшін қандай болатыны туралы сұраққа жауап берді.

Горчаков әлі де атом энергетикасы саласында, сондай-ақ экология саласында талдау және насихаттаумен айналысып келеді.

Дмитрий Горчаков Екатеринбургте дәріс оқып, атом энергетикасын насихаттауға арналған іс-шараларға қатысты, «Альфа-Х91» Экологиялық қауіпсіздік агенттігінің инженері болып жұмыс істеді, сондай-ақ «Росатом» қоғамдық кеңесінің құрамында таусылған уран гексафторидімен жұмыс істеу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының мүшесі болды. Горчаков БАҚ-қа атом энергетикасы бойынша маңызды мәселелеріне қатысты жиі пікір білдіреді, мәселен, Новоуральсктегі «уран гексафторидін» кәдеге жаратудың тарихын айтады.

«Ресейдің ядролық қаруды қолдануына келер болсақ, ядролық физик ретінде жауап беремін… Бұл «бір рет ататын» қару, ал оның ауыр салдары миллиондаған адамдар ондаған жылдарға жалғасады. Плутоний немесе уран ядросының тізбекті реакциялары мен бөліністері туралы айтпай-ақ қояйын, қарапайым, түсінікті тілде айтайын: Кез келген ядролық қаруды қолдану немесе атом электр станцияларының жұмысын бұзу, біріншіден, климат пен экологияға, екіншіден, соның салдары барлық тіршілік көзіне зиянын тигізеді», — деп атап өтті Дмитрий Горчаков.

Ресейдің ядролық қаруды қаншалықты нақты және ықтимал деген сұраққа ол: «Ресейде ядролық қару бар, біз оны ешқашан жасырған емеспіз. Бірақ ол қандай жағдайда екенін барлық ғалымдар мен әскерилер біле бермейді. Қару ұзақ уақыт бойы «консервацияланған» күйде болды, ол тиісті сынақтардан өтпеді, оны сақтау шарттары да тиісті нормаларға сай келмеді. Осыны негізге ала отырып, ядролық зарядтың мұндай тасымалдаушылары Ресейден шықпай жатып жарылуы мүмкін екенін 100 пайыз сеніммен айтуға болады. Мұндай қадамға тек өзіне қол жұмсайтын адам немесе өмірден үмітін үзген адам ғана бара алады. Ол өз елі үшін, өз халқы үшін зардабы қандай болатынын түсінуі керек. Ол бұл ресейліктерді, Ресейді және жалпы елдің экологиясының құрдымға жіберетінін түсінуі тиіс. Және мұндай әрекетке жауап ретінде АҚШ-тан, Қытайдан және басқа да елдерден ядролық шабуыл жасалуы мүмкін деген нұсқаны есептемегенде».

Еске салайық, Ресей әскери доктринасы ресейлік қарулы күштердің ядролық қаруды қолдануы үшін төрт нұсқаны қарастырады:

Ресей бойынша расталған ядролық соққы;

Ресей бағытында зымырандардың расталған ұшырылуы;

ресейлік ядролық қаруды бақылау, сақтау және басқару инфрақұрылымына төнген қауіп;

Ресейге қарсы агрессия, оның ішінде мемлекеттің қауіпсіздігіне қауіп төнген жағдайда.

Добавить комментарий