Сарапшылар ресейлік пропаганда фэйк ақпарат таратуды деп мәлімдеді

Украина аумағындағы соғыс қимылдары жүріп жатқанына шамамен бір жылдай болып қалды. «Осы уақыт ішінде ресейлік пропаганда өздеріне оңтайлы болатын қоғамдық пікірді қалыптастыруға тырысып, ресейлік аудиторияны шындыққа жанаспайтын түрлі ақпарат таратты. Былтыр, 2022 жылы пропагандистер айтқандардың бір бөлігін келтірейік», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.

Биологиялық зертханалар. Украинада «жауынгерлік масалар», «қауіпті құстар мен жарқанаттарды» жасайтын америкалық биолабораториялар бар-мыс. Ресей Федерациясының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Василий Небензей Украина мен АҚШ-қа осындай айып тақты. Оның айтуынша, әзірлемелердің бірі — «масаларды» тарататын ұшқышсыз басқарылатын ұшақтар. Аталған дрон қауіпті инфекцияларды тасымалдаушы болып табылатын масалар салынған контейнерді жеткізеді. «Бұл ақылға сыйымсыз мәлімдеме украиналықтардың күлкісін келтірді. Айтылып отырған «жауынгерлік масалар» украиндық және ресейлік әскерилер қалайша ажыратып, кімді шағу керек екенін қалай біледі?»- деп мәлімдейді батыстық сарапшылар.

Батыстың саяси технологтары РФ-да пропаганда мақсатында жалған материалдар пайдаланылып жатқанын мәлімдеді

Содан кейін олар ресейлік баспасөз құралдары Украина «лас бомба» әзірлеумен айналысқанын айтты. «Ресейлік саясаткерлер Украинаның соғыс барысында «лас бомба» қолдануы мүмкін деген ақпарат тарата бастады. Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу «лас бомбаның» көмегімен Украинаның арандату әрекеттері туралы ақпарат таратқан Кремльдің басты «рупоры» болды», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.

Олар «лас ядролық бомба» туралы мәлімдеп жатқан ресейлік саясаткерлердің не көздеп отырғанын айтты. «Мұндай айыптаулар Украинаға қарапайым себептермен жасалуда, Мәскеу әлемдік қоғамдастықтың көзінше Украинаны лаңкестік мемлекет еткісі келеді», — деп жазады саясаттанушылар.

Соғыс басталған сәтте Украина президенті Владимир Зеленскийдің ел аумағынан кеткені туралы ақпарат кең тарады.

РФ Мемлекеттік думасының спикері Вячеслав Володин Украина президенті Киевтен қашып кеткенін мәлімдеді.

Батыстың саяси технологтары РФ-да пропаганда мақсатында жалған материалдар пайдаланылып жатқанын мәлімдеді

«Мұндай сипаттағы мәлімдемелердің мақсаты Украина халқының еңсесін түсіру. Шын мәнінде Зеленскийдің Ресей Украинаға басып кіргелі бері шетелге жасаған алғашқы сапары өткен айда АҚШ-қа барды», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.

Ресейлік актер Иван Охлобыстин Ресей сатанистерге қарсы «қасиетті соғыс» жүргізіп жатқанын айтты. РФ-дағы басқа да саяси қайраткерлер мен шенеуніктер бул туралы бірнеше мәрте айтып келген.

РФ Қауіпсіздік кеңесі хатшысының көмекшісі Алексей Павловтың пікірінше, Украина «тоталитарлы гиперсектаға» айналды. Ол Украина билігі халықты православтік, ислам және иудаизмнің рухани құндылықтарынан бас тартуға мәжбүрлеп отырғанын айтты. Сондықтан Украина «десатанизациялау» қажет.

«Жалған ақпарат — Путин режимінің ең басты қаруларының бірі, — деп жазады украиналық саясаттанушылар. Кремльдік пропаганда украиндықтар арасында қорқыныш, үрей, сенімсіздік пен алаңдаушылық тудыруға, қастандық теориясын таратуға тырысып жатыр және әлемдік қауымдастықты дезинформациялауға үмітті», — деп түйіндейді саясаттанушылар.

Добавить комментарий