Сарапшылар Ресейді заманауи әлемнің суперпроблемасы деп атады

«Ресей президенті Владимир Путин империялық амбициясымен Украинада мағынасыз соғыс бастады және осылайша өз елін бүкіл өркениетті әлем үшін басты проблемаға айналдырды», — деп жазады батыстық сарапшылар.

Олар сондай-ақ бірқатар мемлекеттер Мәскеуге қолдау көрсетіп жатқанын атап өтті. Бұлар Иран мен Солтүстік Корея. Мәселен, Мәскеу мен Тегеран мұнай саласынан бастап авиақұрылысқа дейінгі бірқатар бағыттар бойынша ынтымақтастықты нығайтуда.

Tasnim агенттігінің мәліметі бойынша, қазан айының басында Ираннан Ресейге тауар экспорты 70%-ға өскен.

Ал елдер арасындағы тауар айналымы 2022 жылдың сегіз айында шамамен 40%-ға өсті. «Шешімдер осындай елдермен бірдей деңгейде қабылданып отыр, бұл РФ-ның мемлекет ретіндегі имиджін одан әрі нашарлатуда. Иран мен КХДР-да саяси режим қандай екенін, онда адам құқықтары, сөз бостандықтары және т.б. қалай сақталып жатқанын бәріміз де жақсы білеміз», — деп түсіндіреді батыстық сарапшылар.

Украинадағы соғыс демократиялық әлемді ұйқысынан оятып, тік тұрғызды. Сарапшылардың болжамынша, былтырғы жыл пандемиядан кейін толық қалпына келу жылы болу керек еді, алайда әртүрлі оқиғаларға толы болды.

«Мәселен, инфляция тағы да жаһандық проблемаға айналды, бұл қырық жылдан бері болмаған. Өз кезегінде өткізу тізбектерін қайта құру тауар бағасының қымбаттауына алып келді. Нәтижесінде шикізат тауарларының жоғары бағасы тіркелді. БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) зерттеуінше, Украинадағы кең ауқымды соғыс Орталық Азия мен Шығыс Еуропадағы 4 000 000 баланы қайыршы етті. Кедейленген балалар саны 2021 жылмен салыстырғанда 19%-ға өсті», — деп жазады батыстық сарапшылар.

Әлемнің көптеген өңірлері әртүрлі проблемаларға тап болды. Мысалы, Еуропа үшін қыс маусымында ресейлік газ бен мұнайдан біртіндеп бас тартуы нағыз сын-қатер болды.

«Украинадағы соғыс ғаламшардың түкпір-түкпіріне әсер еткен бірқатар жаһандық проблемаларды тудырды.

Ал ресейлік БАҚ Ресейді түрлі проблемалар тудырып отырған «жаулардың» ортарсында қалған құрбан деп көрсетуде.

«Кремльшіл дезинформациялық машина халықты ұзаққа жалғасатын, қиын экономикалық зардаптарға алып келетін соғысқа дайындауда. Бірақ проблеманың қайнар көзі Владимир Путинді емес, «ұжымдық Батыс» деп көрсетуде», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.

Добавить комментарий