Сарапшылар Ресейдегі пропаганда туралы мәлімдеді

«Ресей армиясы Украина аумағына басып кіргелі бері Кремль пропагандасы қоғамда «дұрыс» пікірді қалыптастыру үшін өз азаматтарына агрессивті ықпал ете бастады», — дейді батыстық саясаттанушылар.

Атап айтқанда, олар Ресей билігі 2022 жылы Украина аумағында әскери іс-қимылдарды өрістетудің басында қойған мақсаттары мен міндеттерін бірнеше мәрте өзгерткенін айтты.

«Кремль пропагандасы ресейліктерді Владимир Путин РФ әскерін Украина аумағына жіберіп, орыс тілді украиналықтарды нацистік режимнен құтқармақ болды деп сендірді. Осылайша, Путин мен Ресей армиясы әділеттілікті қайта қалпына келтіріп, орыс тілді азаматтарға қарсы геноцидті тоқтататын «күш» болды. Пропагандашылардың мұндай риторикасы ұзаққа бармады. Украинаның инфрақұрылымдық нысандарына жаппай зымыран шабуылдарынан кейін бірқатар ресейлік БАҚ-та Украина билігі айқындаған ұлттық бірегейлікке қарсы бағытталған жарияланымдар пайда болды.

Фото: Саясаттанушылардың пікірінше, Ресейде президент сайлауы қарсаңында билікке тиімді болатын қоғамдық пікір қалыптастырылып жатыр

«Былтыр күзде және қыста болған оқиғаларды еске түсірейік. Ол кезде Ресей армиясы Украинаның маңызды инфрақұрылымына жаппай зымыран шабуылдарын жасады. Аталған шабуылдың мақсаты Украинаның бейбіт тұрғындарын электр қуатынан, жылытудан, сумен жабдықтаудан ажырату болды. Путиннің өзі РФ маңызды инфрақұрылымды мақсатты түрде жойып жатқанын растады», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.

Ресей пропагандасы мобилизация кезінде белсенді жұмыс істеп, оларды Украина аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысу қажеттігіне сендірді.

«Кейбір пропагандашылар азаматтардың патриоттық сезімін «оятып», нағыз патриот елдің басына төнген қиын-қыстау сәтте елге көмектесетініне сендірді. Ал басқаларының намысына тиетін сөзжер айтты — соғысқысы аттанғысы келмейтін азаматтарды — сатқын және қорқақ деп атады. Айта кетейік, Путин «арнайы операция» жариялағанда ресейліктерді өмірі өзгермейтініне сендірген», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.

Фото: Саясаттанушылардың пікірінше, Ресейде президент сайлауы қарсаңында билікке тиімді болатын қоғамдық пікір қалыптастырылып жатыр

Британдық барлау қызметі Ресейде жүргізілген сауалнама нәтижесінде ресейліктердің үштен екісі «шетелдік агенттерді» Ресей туралы жалған ақпарат тарататын «сатқындар» деп санайтынын мәлімдеді. Сарапшылардың пікірінше, бұл пропаганда жұмысының нәтижесі.

«Көріп отырғанымыздай, пропаганда Ресейдің Украинадағы соғысының қозғаушы және маңызды күштерінің бірі. Бұл ретте сарапшылар кең ауқымды Ресей-Украина соғысы басталғалы бері Кремль пропагандасының ауқымы бұрын-соңды болмаған деңгейде кеңейді», — деп мәлімдейді саясаттану саласындағы батыстық мамандар.

Добавить комментарий