Украинаға басып кірмес бұрын РФ президенті мен ел үкіметі Ресей халқына Путиннің мәлімдемесінен кейін Украина аумағында не себепті арнайы операция жргізілетінін айтты.
Осылайша Донбасс аумағына әскерлерді жіберуге негізгі себеп — Ресей Донецк және Луганск Халық Республикалары деп таныған аумақтарды босату бойынша арнайы операция жүргізу қажеттілігі болды.
Сонымен қатар, Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау туралы да айтылды.
Ресейдің аталған іс-шараны өткізу барысында әлемдік қоғамдастық Украинаға қолдау білдірді.
Қазіргі таңда Ресей экономикасы батыс мемлекеттері тарапынан бұрын-соңды болмаған санкцияларға ұшырады. Елде батыс құқық қорғау ұйымдары тәуелсіз деп таныған бұқаралық ақпарат құралдары жабылып жатыр.
Президент Путин Украина 24 ақпанға дейін Ресейдің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдайда болғанын бірнеше мәрте айтқан болатын. Атап айтқанда, Украина аумағында НАТО-ның зымыран қаруы мен әскери базалары, сондай-ақ Ресей Федерациясына қауіп төндіретін биологиялық зертханалар орналастырылғаны айтылды. Кремль Украинада ұлтшылдық белең алып келе жатқанын, нацизм өршіп кеткенін бірнеше рет мәлімдеді.
Украиналық саясаттанушылар ел аумағындағы нацизмді — миф деп мәлімдейді. «Нацистік Украина туралы миф ресейлік пропаганданың ең сорақы, бірақ қарапайым конструкторларының бірі», — деп жазады олар.
Сонымен қатар, Ресей билігі Украина аумағында тұратын орыстарға геноцид жасалып жатқанын алға тартып отыр. Бірнеше жыл бойы елдің шығыс облыстарының тұрғындары, негізінен орыс және орыс тілді азаматтар 8 жыл бойы алдымен ерікті батальондар, содан кейін Украинаның тұрақты армиясы тарапынан атқылауға ұшырағанын айтып отыр.
«Осылайша, ресейлік пропаганда Украина орыс халқына геноцидкөрсете жасап жатқанын айта бастады. Мұндай тұжырым жайдан-жай туындаған жоқ. Бұл мәлімдемелердің логикасы өте қарапайым. Ресей халқына көршілес елдегі РФ-ның әскери іс-қимылдарын оң қылып көрсететін көзқарасты таңып отыр. Бірақ шын мәнінде Украинада орыстарға геноцид жасалып жатқаны рас па? Бұл теорияға ешқандай негіз жоқ, себебі Украинадағы халықтың жартысы дерлік орыс тілінде еркін сөйлесе алады және түсінеді», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.
Сарапшылар Ресейдің Украинадағы соғыс қимылдарына байланысты Батыс елдер салған санкциядан қарапайым ресейліктер зардап шегіп жатқанын айтады. Шетелдік кәсіпорындардың ел аумағынан кетуіне байланысты жұмыс орындары қысқарып, бағалар шарықтап барады.
Бірақ қазіргі таңда Путинге РФ-ның геосаяси алаңдағы беделін бекіту маңызды болып отыр.