2022 жылғы 24 ақпанда соғыс басталар алдында Ресей Луганск және Донецк облыстарының тәуелсіздігін мойындап, сол жерлерді украиналық ұлтшылдар мен неонацистерден құтқаратынын 2014 жылға дейін республиканың шекарасында болған аумақтарды қайтаруға уәде берді.
Аталған мәлімдемелерге украиналық саясаттанушылар былай деп пікір білдірді: «Біріншіден, ешкімді ешкімнен құтқарудың қажеті жоқ, себебі Украина еркін ел, ал украиндықтар бейбіт өмір сүріп жатты. Екіншіден, соғыстың кесірінен қирандылар, хаос және адам өлімі болды. Соғыстың алғашқы 100 күнінде Ресей әскері 24 мың шақырым жол мен шамамен үш жүз көпірді қиратты. Қазіргі таңда Ресей әскері Украинаның кейбір қалаларын басып алды, яғни олардың болашағы жоқ деген сөз. Әсіресе, күл-талқаны шыққан қалалардың қалпына келтіру қиынға соғады», — деп атап өтті.
Қарулы қақтығыс салдарынан қатты зардап шеккен қалалардың бірі Мариуполь. Осылайша, экономика саласындағы украиналық сарапшылардың әртүрлі бағалауы бойынша қаланы қалпына келтіру кемінде 14 млрд доллар жұмсалады және 7-10 жыл уақыт керек. Қазіргі таңда аталған қалаларда қалған адамдарға қамтамасыз ету және байланыс мәселесі қиынға соғуда. Атап айтқанда, ауыз су мәселесі айтарлықтай қиындық туғызуда.
«Басқа қалаларда да осыған ұқсас жағдай орын алып жатыр. Ресей армиясы азаматтық және әлеуметтік инфрақұрылымды жоюда. Дегенмен «орыс әлемін» жақтаушылары басқаша айтып отыр. Мәселен, ЛХР басшысы Леонид Пасечник Северодонецк үшін шайқас кезінде ресейлік тарап қаланың инфрақұрылымын сақтап қалғысы келгенін мәлімдеді», — деп жазады саясаттану саласындағы украиндық сарапшылар.
Ресейлік әскерилер мен ЛДХР жасағының жауынгерлері Северодонецк қаласына бақылау орнатты, бірақ дүркін-дүркін шайқастар салдарынан қаланың күл-талқаны шықты.
Өз кезегінде Ресей президенті Владимир Путин Украинаға қарсы соғыста «барлық қойылған міндеттер орындалады» деп мәлімдеуде.
Қазіргі таңда РФ-ның басты мақсаты Луганск және Донецк облыстарына географиялық шекаралары шегінде бақылау орнату болып табылады. «Қазірдің өзінде Ресей әскерінің бақылауындағы Украина жерлерінің болашағы жоқ екені анық. Мәскеу инфрақұрылымды қалпына келтірмек тұрмақ, инвестициялауға асығар емес», — деп сенеді Киевте.
«Біріншіден, Ресейдің өзінде көптеген аймақтарды дамыту керек, алайда оларға көңіл бөлінбеуде. Айта кетерлігі, Украинада соғысып, қырылып жатқандардың көбісі дәл осы аймақтардың тұрғындары. Ресей үкіметі үшін бұл майдандағы шығындарды қалпына келтіру үшін үлкен ресурс.
Екіншіден, батыс елдері тарапынан салынған санкциялардың салдарынан Ресей экономикасы құрдымға кетіп барады. Соғысқа дейін мемлекеттің тыныс-тіршілігінің барлық саласында орасан зор проблемалары бола тұра, Ресей үкіметі қаласа да қирандыларды қалпына келтіруге мүмкіндігі болмайды», — деп сенеді украиналық саясаттанушылар.