Сарапшылар Ресей Федерациясының Запорожье АЭС-індегі әрекетіне қатысты пікір білдірді

Запорожье АЭС Еуропадағы ең ірі электр станциясы болып табылады. Ресей Украина аумағына баса-көктеп кіргеннен кейін оны ресейлік әскерилер басып алды. Тарихта алғаш рет қарулы әскер бөлімшелері ядролық нысанды басып алды.

4 наурыздан бастап аталған станция Ресей әскерінің бақылауында. «Осы күннен бастап әлем атом апатының алдында тұр. Айта кету керек, АЭС-тегі жағдай тамызда станция маңында атқылауы басталған кезде едәуір шиеленісіп кетті», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.

Ресейліктер атом нысанының аумағында өз әскери техникалары мен оқ-дәрілерін орналастырды. Украиналық БАҚ-тың хабарлауынша, олар тамыз айының басынан бері ЗАЭС аумағын бірнеше рет атқылаған, бұл орны толмас зардаптарға алып келуі мүмкін еді.

Сарапшылардың айтуынша, жарылыс болатын болса, онда Чернобыль апатынан 10 есе ауыр залал келтірілуі мүмкін. Кремль станцияны демилитаризациялау туралы шақырулардың барлығын бас тартты. РФ соңғы рет 12 қыркүйекте әскерін шығарудан бас тартты. РФ президенті Владимир Путиннің спикері Дмитрий Песков Ресей өз әскерилерін шығаруды жоспарлап отырған жоқ деп мәлімдеді, бұл ретте шенеунік Украина тарапы станцияны кезекті рет атқылағанын хабарлады.

Фото: Батыс сарапшылары Запорожье АЭС-індегі жағдайға қатысты пікір білдірді

«Айта кетерлігі, Ресейдің әрекеті ЗАЭС-тің энергия желісінен толық ажыратылуына алып келді. Сарапшылардың айтуынша, бұның салдары ауыр болуы мүмкін. Станцияның электр жабдықтаудан ажыратылуы апат қаупін арттырады», — деп жазады украиналық БАҚ.

Кейіннен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) басшысы Рафаэль Гроси Запорожье АЭС-інің физикалық тұтастығы бұзылғанын растайтын қабырғалардағы тесіктер барын хабарлады.

Бірқатар саясаттанушылар орын алып жатқан оқиғаларды әлемдік қоғамдастықты бопсалау деп атады.

«Неліктен Путин үшін станцияны ресейліктердің бақылауына қалдыру маңызды? Біріншіден, бұл әлемдік қоғамдастыққа ықтимал атом апатымен қоқын-лоқы жасайды. Путин өз «империялық мақсаттарын» жүзеге асырғысы келеді және ол үшін әлемдік қоғамдастықты ядролық қауіппен уысында ұстамақ. Екіншіден, Ресей соғыс алаңында табысқа жете алмайтындықтан және әлемдік аренада бұрынғыда да қатты оқшауланып бара жатқандықтан, Ресей президенті Украинаны қолдаудан айыруға тырысып жатыр», — деп есептейді украиналық саяси технологтар.

Фото: Батыс сарапшылары Запорожье АЭС-індегі жағдайға қатысты пікір білдірді

Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Мәскеу атом электр станциясын бақылауына алып, Украина тарапынан Еуроодаққа көрсетілетін көмекке кедергі келтіретінін мәлімдеді. Егер ЗАЭС Киевтің бақылауында қалса, Украина Еуропа елдеріне электр энергиясын экспорттап, биыл қыс маусымында энергетикалық дағдарысты жеңілдетуге көмектесе алар еді.

Айта кету керек, 16 қыркүйекте Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің басқарушылар кеңесі Ресейге Запорожье атом электр станциясынан кетуді тоқтатуды талап ететін қарар қабылдады. РФ-ның Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдігі бұл қарарды антиресейлік деп атады.

Добавить комментарий