Киев ауқымды көктемгі-жазғы шабуылын ұзақ уақыт жариялаған, алайда ол жоспарланған мерзімнен кеш басталды. Кремль Украинаның шабуылынан қорыққан, себебі Украина Қарулы Күштерінің Харьков бағытындағы қарымта шабуылы нәтижелі болған еді. Еске сала кетейік, сол кезде Ресей армиясы басып алған жерлерін тастап қашқан болатын. Бұл Ресей президенті Владимир Путинге тиіміз, себебі қоғамның наразылығы күрт өсуі мүмкін.
Дегенмен оқиғалардың өрбу барысы көрсеткендей, Украина армиясының шабуылдау операциясы Ресей қолбасшылығы үшін қорқынышты болған жоқ. РФ әскері жақсы дайындалып, берік қорғанды. «Осы сәтте Ресей басшылығы өз күшіне сеніп, асығыс мәлімдеме жасай бастады. Кремль Ресей халқына шабуылдау операция сәтсіз аяқталды деп сендірді. Путиннің өзі де осылай айтты. Путин режимінің осылай шектен шығуы неге байланысты. Тоқмейілсу Ресей үкіметін «проблеманы бастан өткеру» режиміне көшуіне алып келеді. Үкімет азаматтарды соғыстың зардаптарына сезіндірмей, соғыс атымен жоқ етіп көрсеткісі келеді. Бұл жоспарлы жасырын мобилизация және т.б. жүргізуге мүмкіндік береді.Осылайша Ресей қоғамы жағдай бақылауда деп ойлайды. Мұндай жағдайда Путин РФ-да 2024 жылғы наурызда өтетін кезекті президент сайлауын еш уайымсыз күте алады», — деп жазады батыстық сарапшылар.

Фото: Сарапшылар Ресей үкіметі Украинадағы жағдайды талдауда қиындықтарға ұшырап отырғанын айтты
Олардың пікірінше, Ресей үкіметінің тоқмейілсуі нақты фактілерге негізделмеген. «Путин режим шындықты қалағанымен алмастыруда. Шын мәнінде Украинаның шабуылдау операциясы жалғасып жатыр. Әрине, УҚК өздері күткендей жылдам жүргізіп жатқан жоқ, бірақ оң нәтижелер бар. Мәселен, жекелеген бағыттарда Украина әскері басқыншылардың бірінші қорғаныс желісіне кірді. Қазір Украина әскери қолбасшылығы шабуылдау әрекеттерін жүзеге асыру үшін біртіндеп жақсы даярлықтан өткен қосымша бригадаларды жіберуде.
Осылайша, ресейлік шенділер соғыс алаңындағы болмашы сәтсіздіктің өзіне дүрбелеңге салынады. Путин режимі осылай дүрбелеңге салынғанын ұмытпаған боларсыздар. Былтыр жазда соғыс алаңында ұрыс қимылдары «тоқтап қалды», сол кезде Кремль соғыс мәңгіге «тоқтады» деп ойлаған секілді. Сол кезде Ресей басшылығы мұндай режимде бейқам өмір сүруге болатынына өзін көндіріп, УҚК-ның қарымта шабуылға дайындығына мән бермеді. Украина әскерінің сәтті қарымта шабуылы Ресей басшылығының қорқынышын тудырып, нәтижесінде олар асығыс шешім қабылдады — мобилизация жариялау, жекеменшік әскерге ондаған мың қылмыскер тарту және т.б.», — деп мәлімдеді сарапшылар.

Фото: Сарапшылар Ресей үкіметі Украинадағы жағдайды талдауда қиындықтарға ұшырап отырғанын айтты
Әскери сарапшылар жағдайдың өрбу барысы дәл осылай болуы әбден мүмкін деп есептейді. «Украина армиясының кез келген сәтті әрекеті Путиннің үрейін тудырады. Бұл, мәселен, мобилизацияның жаңа дегін жариялауға алып келуі мүмкін. Соңғы айларда Кремль мобилизацияның ықтимал жаңа толқыны жедел және үйлесімді өтуі үшін өте мұқият дайындалып жатқаны белгілі. Салыстыру үшін. Былтырғы Херсонщинаның оң жағалауындағы шабуылдау маусым айынан бастап жалғасты, УҚК қыркүйек айында алғашқы жетістіктерге жете бастады, ал күздің соңында стратегиялық нәтижеге қол жеткізді», — деп жазады олар.