Сарапшылар ҚР-дағы этносаралық қатынастарға төнетін сыртқы қатерлер туралы айтты

Қазақстан халқы Ассамблеясы этносаралық қатынастарды дамыту тұжырымдамасының жобасын іске асыруда туындайтын қатерлер туралы айтты.

Қазақстандағы этносаралық қатынастарға төнетін негізгі сыртқы қауіп-қатерлер Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасында көрсетілген.

«Сыртқы факторлар арасында XXI ғасырдың жаңа сын-қатерлерін, әлемдік экономиканың құбылмалылығын, геосаяси текетірестің өршуін, қазіргі заманғы халықаралық қақтығыстардың туындауына этнодіни фактордың ықпалының өсуін, көші-қон ағындарының күшеюін және босқындар санының өсуін атап өту маңызды», — делінген тұжырымдама жобасында.

Авторлардың айтуынша, Қазақстанның геосаяси ортасы күрделене түсуде және жағдай шиеленісе түсуде.

«Атап айтқанда, әлемнің ірі мемлекеттері арасындағы санкциялық текетірестер, жақын жатқан елдердегі ахуалдың шиеленісуі және Ауғанстаннан келген босқындар санының өсуі Орталық Азия өңіріндегі халықаралық ахуалдың қалыптасуына теріс әсер етеді. Қазақстанда тұратын этностардың тарихи шығу тегі елдеріндегі, оның ішінде әзірбайжан-армян және қырғыз-тәжік шекараларындағы оқиғаларға байланысты жекелеген жанжалды жағдайлар, сондай-ақ ресей-украиналық қатынастарының нашарлау факторы, жекелеген шетелдік саясаткерлердің арандатушылық мәлімдемелері Қазақстандағы этносаралық қатынастарға теріс әсер етуі мүмкін», — деп атап өтті әзірлеушілер.

Олардың пікірінше, «жкөрсетілген мән-жайларды кейбір сыртқы күштер геосаяси текетірес туындаған жағдайда Қазақстандағы этносаралық қатынастарды шиеленістіру үшін пайдалануы мүмкін».

«Осының бәрі Қазақстан халқының бірлігін, ұйымшылдығын және патриотизмін одан әрі нығайтуды, этносаралық саладағы мемлекеттік саясатты жетілдіруді, Ассамблея қызметін жандандыруды талап етеді», — делінген құжатта.

Добавить комментарий