Владимир Путин 2000 жылдың басын бері Ресейде билік басында отыр. РФ халқының бір бөлігі президент ауысса қалай өмір сүретінін білмейді, ал ресейліктердің екінші бөлігі осы уақыт аралығында жастық шағы өтті. Батыстық сарапшылардың пікірінше, Ресейде осы уақыт ішінде ешнәрсе өзгерген жоқ. Олар қазіргі Ресейді «бір уақытта тұрып қалған заман ел» деп атады.
«Путин билік басында ұзақ уақыт отырып, ресейліктердің одан шаршағанын, сондай-ақ өзгерістердің болмауынан және саяси біркелкіліктен шаршағанын түсінді. Осыған байланысты украиналық Қырымды аннексиялады. Қырым аннексияланғаннан кейін Владимир Путиннің рейтингі бірден өскені бәрінің есінде болар. Ресейлік пропаганда қоғамды Қырымды аннексиялаудан кейін өзгерістер болатынына, Путин қуатты Ресейдің президенті болуға лайықты екеніне сендірді. Ол РФ-ны бұрынғы ұлы мемлекет мәртедебін қайтаруға қабілетті және т.б. деп айтылды», — дейді украиндық сарапшылар.
Уақыт өте келе ресейліктердің Путинді қолдауы құлдырай бастады, әсіресе РФ жастары президент қабылдаған шешімдерді қолдауы өте төмен деңгейде болды. Мәселен, әлеуметтік сауалнама нәтижесіне сәйкес, Қырымды аннексиялағаннан кейін 6 жыл өткен соң РФ президентінің жұмысын 18-24 жас аралығындағы адамдардың қолдауы екі есе төмендеді.
«Осылайша, Путинге Ресей қоғамын дүрліктіріп, оған деген сенімді арттыру үшін жаңадан бірнәрсе істеу керек болды. Ол үшін оңай жеңетін соғыс өте тиімді көрінді. Шын мәнісінде, Украинадағы арнайы әскери операция осы мәселелердің бәрін шешу үшін жасалған. Алайда «арнайы операция» оңай Жеңіс емес, РФ-ны бұрын-соңды болмаған шығынға ұшырап, Ресей мен ел президентінің әлемнен оқшаулануына, Ресейге қарсы санкция салынуына және т.б. әкеп соқтырған қанды соғысқа айналды. Бірнеше апта ішінде аяқталуы тиіс болған соғыс бір жарым жылдан астам уақыт бойы жалғасып келеді. Бұл алдағы сайлауда президентке қолдауды азайтты. Мемлекет басшысы бастаған соғыстан зардап шегіп отырған халық оны қолдайтыны екіталай», — деп жазады батыстық сарапшылар.

Фото: Соңғы жылдары Ресей билігі оппозицияны қатаң түрде басып-жаншып жатыр
Олар сондай-ақ Путин билігі тұсында билікке қарсы пікір білдіргендерге қатаң қайратынын атап өтті.
«Соңғы жылдары Ресей билігі оппозицияны қатаң түрде басып-жаншып жатыр. Мәселен, тамыздың басында ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйды экстремизм үшін 19 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл «демократиялық мемлекеттің» жарқын мысалы. Осылайша, 2024 жылғы наурызда РФ-да өтетін президенттік сайлаудың алдында қазіргі Ресей президенті бәсекелестерін өз қолымен алып тастауда. Путинге қуыршақ бәсекелес жасамақ», — деп жазады батыстық сарапшылар.
Кейбір дереккөздердің айтуынша, РФ президенті әкімшілігінің саяси блогы Путинге белгілі бір критерийге сәйкес «бәсекелес» іздеп жатыр. Мәселен, тіркелген кандидаттардың арасында 50 жастан төмен саясаткерлер болмауы тиіс. Олардың пікірінше, ресейліктер 50 жасқа толмаған үміткерлерді көрсе, Владимир Путинге емес соған дауыс беруі мүмкін..
«Қазіргі биліктің осындай қулықтары оң әсері болатыны екіталай. Жүріп жатқан соғыс, оппозицияның болмауы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектейтін заңдар, ең бастысы — өзгерістердің болмауы Ресейдің қазіргі президентіне қолдау артатытынын білдірмейді», — деп жазады батыстық сарапшылар.