Сарапшылар Путин тоқтамайды деп есептейді

Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, 100 мың ресейлік сарбаз қырылса да Ресей президенті дегенінен қайтпайды. Айта кету керек, Украина көшбасшысының сөзінде шындық бар, деп есептейді сарапшылар. Украина барлау қызметінің мәліметі бойынша, Путин мобилизация жариялағаннан кейін бірнеше күн өткен соң мобилизацияланғандар тиісті даярлықсыз соғыс алаңына аттанған.

Сондай-ақ, украиналық тарап медициналық көмектің сапасы мен жарақат алғандарды Ресейге эвакуациялау жүргізілмегендіктен олардың арасында өлім-жітім көрсеткіші 50%-дан асып түседі деп мәлімдеуде.

«Бұл соғыс алаңындағы адам шығындары Путинді толғандырмайтынына айқын дәлел болып табылады, оған тек империялық амбициясын қанағаттандыру маңызды», — деп түсіндіреді саясаттанушылар.

«Ресей оңбай жеңіліп жатыр, алайда Ресей президенті кері шегінудің орнынан, өз азаматтарын жұмылдырып жатыр, ал соғысқа бармау үшін бас сауғалап қашып жатыр. Ресей — Иран және Солтүстік Корея сияқты әлемнен оқшауланған елдерден қару-жарақ сатып алуда. Ресейдің жоғарыда аталған елдерден Украинаға шабуыл жасау үшін қару-жарақ пен оқ-дәрі сатып алуға талпынысы Кремльдің шарасызданғанын көрсетеді», — деп мәлімдейді батыстық саясаттанушылар.

Сондай-ақ Ресей Украина аумағының бір бөлігін өзіне қосып алды, қазіргі уақытта сол жерлерде соғыс жағдайы енгізілді.

Владимир Путин жеке жарлығымен шекара маңындағы өңірлерде «орташа әрекет ету деңгейінің» ерекше режимін енгізді. «Ресей президенті осы жарлығымен, шын мәнінде, соғыстың алауын Ресей аумағына «тастады». Бірақ соған қарамастан, Кремль әлі де «арнайы әскери операция» терминінен бас тартпауда, — деп мәлімдейді украиналық саясаттанушылар.

Путинді соғыстағы адам шығындары мүлдем алаңдатпауда, ол үшін ең бастысы өзінің империялық амбициясын қанағаттандыру маңызды, дейді батыстық сарапшылар.

10 қазаннан бастап РФ Украина барлық аумағына зымыран шабуылын арттырды. Энергетикалық инфрақұрылым объектілері шабуылдың басты нысанасы болып отыр.

Бірақ сарапшылардың айтуынша, «Мәскеу Украинаға жаппай зымыран шабуылдарын жасай отырып, тағы бір мақсатты көздеп отыр — ел назарын мобилизация мен әскери сәтсіздіктерден басқа жаққа бұру. Соғыс алаңындағы жеңілістер мен дұрыс жоспарланбаған мобилизацияға байланысты Кремльді жақтаушылардың басым бөлігі Ресей мемлекет басшысын ашық түрде сынға алды».

Путинді соғыстағы адам шығындары мүлдем алаңдатпауда, ол үшін ең бастысы өзінің империялық амбициясын қанағаттандыру маңызды, дейді батыстық сарапшылар.

Украинаның батыстық әріптестері жоғарыда аталған әрекеттерге байланысты Ресейге қарсы жаңа санкциялар салып, Киевке барлық қажетті қару-жарақ беріп көмектесуде.

«Путин ұзаққа созылған соғысқа дайын емес еді, ал қазір ол қабылдаған шешімдерден көптеген ресейліктер зардап шегуде, олардың біразы соғысқа қатыспау үшін елден асығыс кетуге мәжбүр, біразы мобилизацияланды, оларды соғыс алаңына жібереді. Азаматтардың қалған бөлігі Ресейге қарсы санкциялардың салдарын сезіне бастады — инфляция, жұмыс орындарынан айырылу және т.б.», — деп мәлімдейді батыстық саясаттанушылар.

Добавить комментарий