«Көптеген адамды неліктен ресейліктер Украина аумағындағы соғысқа қарсы жаппай наразылыққа шықпайды деген ой толғандырады. Ресейліктердің басым бөлігі соғыстың салдарынан зардап шегуде, ал оның салдары олардың өмірін бұзуда. Ұрыс алаңында соғысып жатқандар бар, басқасының күйеуі, ұлы немесе әкесі соғысып жатыр немесе соғыста қаза тапты, ресейліктердің бір бөлігі майданға аттанбау үшін елден кетіп қалған, тағы бір бөлігі әскерге шақырту қағазын алмау үшін Ресейде бой тасалап жүр. Ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын шектейтін жаңа заңдар қабылдануда», — деп жазады батыстық сарапшылар.
Ұрыс қимылдары басталмас бұрын еуропалық елдердің мамандары жүргізген бірқатар зерттеу нәтижелері бұл сұраққа жауап болып отыр.
Олардың барлығы әлеуметтік психология ерекшеліктеріне — қандай да бір топтағы адамдардың мінез-құлқына қатысты болды.
Жүргізілген зерттеудің нәтижесін батыс аналитиктері жүйелеп, былайша жеткізді:
«1. Куәгер эффектісі — төтенше жағдайға куә болған адамдар зардап шеккендерге көмектеспейтін психологиялық күйге түседі. Куәгер эффектісін алғаш рет 1968 жылы Джон Дарли мен Бибі Латана көрсеткен. Бұл зерттеудің парадоксы куәгерлердің санына байланысты туындайды: куәгерлер көп болған сайын, жүктелетін жауапкершілік деңгейі де төмендейді. Нәтижесінде әр адам басқа біреу көмектеседі деп қя салады, ал нәтижесінде ешкім ештеңе істемейді және ешкім жауапкершілікті өз мойнына алғысы келмейді. Осылайша, көптеген адамдар әрекет етпейді. Куәгер жалғыз болғанда жағдай мүлдем басқаша болады. Куәгер оқыс оқиға орын алғанда жалғыз болса, ол пассивті бақылаушы болмайды. Бұл ретте зерттеулер көрсеткендей, қауіп деңгейі жоғары болса жалғыз куәгер көмекке жылдам келген. Ресейде де осыған ұқсас жағдай қалыптасып отыр. «Пікір көшбасшылары» деп сипаттауға болатын адамдарға келетін болсақ, олардың қолында билігі бар және олар қалыптасқан жағдайға әсер ете алады немесе өзгерте алады. Өз кезегінде Путин режимі ел азаматтарын саясатқа жақындатпауға тырысқан. Кең ауқымды соғыс қимылдары басталысымен жоғарыда аталып өткендей, Ресей үкіметі репрессивті заңнама қабылдап, үкімет жүргізіп жатқан саясатқа қарсы ресейліктерге қысым жасай бастады. Бұл Ресейде Путин режимінің барлық кемшіліктер мен қателіктерді сөзбен және іспен көрсете алатын адамдардың азайып бара жатқанын білдіреді.
- Плюралистік надандық феномені. Негізі, адамдар қандай да бір мәселе бойынша айналасындағылардың көзқарасы қате деп ойлайды және көпшіліктің пікірімен жүреді. Осылайша, миллиондаған ресейліктер Путин режимінің адамгершілікке жатпайтын және жауыз әрекеттерін үнсіз бақылап, отандастарының көпшілігі болып жатқан оқиғаларды құптайды деп қате ойлайды.
- Жалған консенсус әсері. Негізі өз ойын басқа адамдарға бейімдеу. Басқаша сөзбен айтқанда, адамдар юасқаларының ойы өзінікі сияқт деп ойлауға бейім. Мұны Ресей қоғамында да байқауға болады. Билік өкілдері мен пропаганда ресейліктерді соғысты бастаудан басқа жол болмады деп сендіруде, демек оны барлығы қолдауы тиіс. Қолдамайтындар мемлекет жауы болады.
Жоғарыда келтірілген мысалдар кез келген қоғамға немесе адамдар тобына тән келеді. Ресейліктерге Путиннің ел басқаруда қате бағытта келе жатқанын түсіну үшін сыни ойлауды «қосу» керек және өзінің және мемлекеттің болашағы да әрбір азаматқа ғана байланысты».