Украина Қарулы Күштерінің ауқымды шабуылдау операциясы жалғасып жатыр. Айта кету керек, қазіргі соғыстың форматы Ресей президенті Владимир Путинге тиімді болып отыр, деп мәлімдейді батыстық саясаттанушылар.
Ең әуелі УҚК-ның шабуылдау операциясы қалай өтіп жатқанына назар аударған жөн. Украина әскерлеріне Ресей әскерінің терең эшелондалған қорғанысына шабуыл жасау қиынға соғып отырғаны құпия емес. Бұл туралы украиналық әскери-саяси басшылықтың өкілдері, соның ішінде Украина президенті Владимир Зеленский бірнеше рет мәлімдеді. Украина билігінің өкілдері өз мәлімдемелерінде ел әскері көп көлемде қару-жараққа мұқтаж екенін, бұл УҚК-ның алға жылжыун едәуір жеделдететінін айтты. РФ әскері шамамен бір жыл жуық уақыт бойы дайындалып, ондаған шақырымға жететін қорғаныс желілерін құрды.
«Украина әскерінің шабуылы баяу болсын жүріп жатыр. Украина Қарулы Күштері кейбір РФ әскерінің бірінші қорғаныс желісін бұзып, жау күштерінің позициясына қарай 2-ден 8 шақырымға дейін жақындады. Күн сайын УҚК соғыс алаңының белгілі бір учаскесіндегі жерді қайтарып, алға жылжып жатыр. Соңғы деректер шабуыллау кезінде қайтарылған жерлердің аумағы 210 шаршы шақырымнан асады. Егер болып жатқан оқиғаларға объективті түрде қарайтын болсақ, онда классикалық шабуылдау операциясы өзіне тән форматта жүргізіліп жатқаны байқалады», — деп жазады украиналық әскери сарапшылар.
Олардың пікірінше, Путин үшін соғыстың мұндай форматы тиімді.
«Ресейлік БАҚ Украина әскерінің баяу шабуылдауын сәтсіздік деп жарыса жазуда. Кремль пропаганда машинасы үшін жағдайдың осындай сценарийі тиісді, себебі ресейліктерге ел әскерінің соғыс алаңындағы позициядан (Херсондағы секілді) кері шегінгенін стратегиялық жетістік деп сендірудің қажеті жоқ.
Өз кезегінде Путинді соғыс алаңынан қорғаныстың күл-талқаны шықпағаны туралы жаңалықтың болмауы қуантады. Бұл Ресей президентіне ешқандай қауіпті саяси шешім қабылдамауға мүмкіндік береді, олардың ішіндегі ең қауіптісі — мобилизация жариялау», — деп сенеді сарапшылар.
Путин үшін соғыс алаңындағы қарқынның төмендеуі және УҚК-ның баяу алға жылжыу тиісді. «Ол үшін осындай тұқрақтылық өте жақсы, себебі Ресей қоғамында жаппай наразылық тудыратын шешімдер қабылдауға тура келмейді. Қазірші қалыптасқан жағдай Ресей президенті үшін 2024 жылғы наурызда өтетін президент сайлауы алдында ресейлік ақпарат кеңістігінен соғыс туралы аз жариялауға мүмкіндік береді. Осылайша, соғыс пен ұрыс алаңындағы шығындар ресейліктерді қатты мазаламайтын болады», — деп мәлімдейді батыстық саясаттанушылар.