Ресей Федерациясында мобилизация шарасы жүргізіліп жатыр. Референдумдар өткізілгеннен кейін бұрын айтарлықтай шығынға ұшыраған бөлімшелердің санын арттыру жалғасуда. Ресейлік әскери-саяси басшылықтың ресми мәлімдемесіне сәйкес, әскерге 300 000 адам шақырылмақ. Сонымен қатар, Украинаның бірқатар БАҚ өкілдерінің айтуынша, жұмылдырылғандар саны 1 млн-нан асады.
Украинаның Бас штабы хабарлағандай, Ресейде мобилизация жарияланғаннан бері 100 мың адам әскерге шақырылған. Украиналық БАҚ-тың жазуынша, Ресейде жұмылдырылғандардың алғашқы легі соғыс алаңына аттанып жатыр, яғни Путин режимі ресейліктерді нашар даярлықпен немесе даярлықсық соғысқа жіберуде.
Британдық барлау қызметі Кремль соғыс алаңына деткілікті түрде даярлықтан өтпеген сарбаздарды жібереді деп болжаған болатын. Бұл жұмылдырылғандарды даярлау үшін қажетті барлық жағдайды қамтамасыз ету үшін ықтимал ұйымдастырушылық қиындықтармен түсіндіріледі.
Азаматтардың мобилизацияғаға қатысты реакциясы әр түрлі болды: мобилизацияның алғашқы күндері кез келген бағытқа әуе билеттері тез аяқталды, құрлықтағы шекараларда кептелістер пайда болды.
Ресейде ұйымдастырылған наразылық толқыны басталды. Тува астанасы Қызылда Арат алаңына «Мобилизацияға жол жоқ» деген жазуы бар плакат ұстаған бірнеше ондаған әйел шықты. Олардың жиырмасын тәртіп сақшылары ұстап әкетті. Рұқсат етілмеген наразылық акция небәрі 5 минутқа созылды.
Якутск қаласында әйелдер Орджоникидзе алаңына шығып, ер адамдарды Украинаға қарсы соғыстан үйіне қайтаруды талап етті. Махачкалада (Дағыстан астанасы) өткен мобилизацияға қарсы акцияда наразылыққа қатысушыларды ұсталуен аяқталды.
Батыстық сарапшылар наразылық шарасына аталған республикалардың тұрғындарын соғыс алаңына бірінші болып жіберілуі себеп болды деп мәлімдеді.
«РФ азаматтарына Путиннің Украинаға қарсы бастаған кең ауқымды соғыс қимылдарынан мыңдаған ресейліктің жер жастанғанын түсінетін кез келді. Мобилизация Ресей президентінің амбициясын қанағаттандыру үшін ғана жарияланды», — деп жазады украиналық БАҚ.