Сарапшылар Мәскеудегі көпқабатты ғимараттардың төбесіне әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі орнатылғанына қатысты пікір білдірді

Соңғы күндері әлеуметтік желі мен БАҚ беттерінде Мәскеу мен Подмосковьеде әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерінің орнатылуы қызу талқылап жатыр.

Әскери аналитиктер мен сарапшылар РФ-ның әскери сәтсіздіктері немесе пропагандалық ақпараттық операция сияқты ықтимал екі нұсқаны қарастыруда.

Кейбір ресейліктер зымыранға қарсы кешендердің қаланың маңына, тіпті ғимараттардың шатырларына орнатылып жатқанына наразылық білдіруде, себебі зымыран қолданылған жағдайда тұрғын үйлер қирауы мүмкін.

БАҚ-та Мәскеудегі Тетеринский тұйық көшесіндегі жоғары қабатты ғимараттың төбесіне және Қорғаныс министрлігі ғимараттары кешенінің төбесіне «Панцырь-С1» ДАРЖ орнатқаны көрінетін кадрлар пайда болды. Подмосковьеде президент резиденциясының маңында әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі орнатылғаны байқалды.

«Бір жағынан, мұндай дайындық Ресей Федерациясының әскери-саяси басшылығының Украинаға жоғары дәлдікті қаруды жаңа жеткізіліміне, ең бастысы — Украинаның Цифрлық министрлігіне, Бас штаб және Мемлекеттік байланыс органдарының «дрондар әскеріне» қаражат жинау жөніндегі жаппай науқанына қатысты алаңдаулы екенін білдіреді, деп жазады украиналық саясаттанушылар. Украина қазірдің өзінде 1,6 мың ұшқышсыз басқарылатын ұшақтарды сатып алуды ресімдеп, мыңға жуығын соғыс алаңына жіберді. Украинадағы қайырымдылық ұйымдары да дрон сатып алуға қаражат жинауда.

Кейбір әскери сарапшылар бұл Украина арнайы қызметтерінің немесе диверсиялық топтардың ҰҰА-ны қолдану арқылы РФ-ның майдан желісінен алыста орналасқан аумақтардағы өрттермен байланысты деп отыр.

Сондай-ақ, Bloomberg басылымы Кремль Мәскеуді украиндық дрондардың шабуылына дайын болуға тапсырды деген нұсқаны алға тартып отыр.

Батыстың сарапшылары айтқан екінші нұсқасы — ресейліктер арасында соғысты қолдайтындардың күрт төмендеуі және мобилизацияға наразылық. Украиналық әскерилер РФ 120 мыңнан астам адамынан айырылды деп жариялады, ал америкалық барлау қызметі қаза тапқан ресейлік әскерилердің саны 190 мыңға жуық деп болжауда. Осылайша, РФ еріктілерді тартуға және соғысты қолдайтындардың рейтингін көтеруге мұқтаж. Мұндай нәтижеге қоғамды ауқымды қауіппен қорқытып қана қол жеткізуге болады.

«Путин Уралдағы бункерлерлердің бірінде емес пе, Подмосковьеде оның резиденциясының жанына әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін ортанудың қажеті не?» — деп сұрақ қояды украиналық саясаттанушылар.

«Пропаганда мен психологиялық манипуляция теориясы Соловьевтің эфирдегі мәлімдемесімен расталады: «Біз «АӘО» режимінен «қасиетті соғыс» режиміне көшіп жатырмыз.  Мәскеуде әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін орналастырудың шынайы мақсатына қарамастан, РФ-ның украиналық ҰҰА шабуылынан қорқуы немесе халықты мобилизациялау және халықты соғысты қолдау үшін топтастыру әрекеті соғыста сәтсіздікке ұшырағанын, ал Кремльдің жоспары аспай жатқанын көрсетеді», — деп түйіндейді украиналық әскери сарапшылар.

Добавить комментарий