Ресей мен Қазақстанды ортақ тарих пен географиялық орналасқан жеріне байланысты өзара тығыз қарым-қатынаста болды. «Осы жағдайды сақтап қалу үшін Ресей билігі «жұмсақ күш» қолданып, көршілес елге ресейлік қоғамдық ұйымдардың, білім беру жүйесінің, ресейлік БАҚ және т.б. көмегімен ықпал етті», — деп жазады батыс саясаттанушылары.
Еске сала кетейік, жұмсақ күштің мәжбүрлеуді көздейтін «қатал күштен» айырмашылығы — бұл қалаған нәтижені алу үшін күш қолданбай, сүйіспеншілік пен тартымдылық арқылы басқаларға әсер ететін саяси биліктің түрі.Ресейлік массмедиа жұмсақ күш құралы болып табылады, деп жазады батыс саясаттанушылары. «Орыс тілінің кеңінен таралуы Ресейге БАҚ арқылы белгілі бір саяси, мәдени, экономикалық көзқарасты «таратуға» мүмкіндік береді, бұл Мәскеу үшін өте тиімді. Осылайша, Қазақстан тәуелсіздігін алғалы бері ресейлік ақпараттық кеңістікте болды және қазақ халқы солтүстік көршінің ықпалына ұшырады», — деп батыс саясаттанушылары қазақстандықтарды орыс тілінде хабар тарататын ақпараттық кеңістіктен шығуы қажет екенін айтып отыр. Олардың пікірінше, бұл ақпараттық күн тәртібіне белгілі бір өзгеріс жасауға мүмкіндік береді.
«Елде орыс тілін шектеу Орталық Азия республикасы Мәскеуге бейілді болмауы үшін және қазақ тілінде жарияланатын ақпарат көздерінен басқа жеден ақпарат ала алмауы үшін қолданылады деп есептеледі. Айта кетерлігі, Қазақстан солтүстіктегі көршісінен алшақтап, ресейлік ықпалды азайтуға тырысады», — дейді сарапшылар.
Батыстың саясаттанушылары мен журналистері Украинадағы арнайы операция Украина Ресейдің ақпарат кеңістігінде болуының салдарынан орын алды деп мәлімдеді.