Сарапшылар азық-түлік жылдық инфляциясы 20%-ды құрады деп жазады

Қазақстандық сарапшылардың пікірінше, елімізде азық-түлік инфляциясы бір жыл ішінде 20,8%-ға жетті.

Қазақстанда тамызда инфляция жылдық есептеуде 16,1%-ды, бір айда — 1,4%-ды құрады.

2022 жылғы тамызда азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылғы тамызбен салыстырғанда 20,8%-ға өсті, азық-түлікке жатпайтын тауарларға 15,5%-ға, ақылы қызметтерге 10,1%-ға көтерілді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Азық-түлік нарығында жылдық мәнде баға айтарлықтай құмшекерге – 92,8%, басты пиязға – 46,9%, ұнға 41,4% өсті.

Сонымен қатар, макарон өнімдері — 35,7%, жарма — 32,7%, қатты ірімшік — 29%, тоқаш және ұн өнімдері — 27,5%, ашытылған сүт өнімдері — 26,4%, пастерленген сүт — 21,7%, нан және сары май — 18,4%, күнбағыс майы — 11,9% айтарлықтай қымбаттады.

Бағаның өсуі етті де әсер етті: жылқы еті — 15,5%-ға, қой еті — 12,4%-ға, ал құс еті — 27,9%-ға қымбаттады. Шұжық өнімдері бағасы 18,1%-ға өсті.

Бұл ретте қызылша өткен жылдың тамызымен салыстырғанда 12,4%-ға, сәбіз 11,6%-ға арзандады.

Добавить комментарий