Сарапшы Украина ІІМ министрінің отставкаға кетуіне қатысты пікір білдірді

Украина президенті Владимир Зеленский Аваковтың отставкаға кеткенін айтты. Саясаттанушы Андрей Золотарев осы жағдайға қатысты пікір білдірді.

Ол АҚШ-тың Украинадағы уақытша сенімді өкілі міндетін атқарушы Джордж Кенттің келуіне байланысты Аваков отставкаға кетті деді.

Сонымен қатар, Украина ІІМ басшысының отставкаға кетуіне ел президенті Владимир Зеленскийдің таяуда Берлинге сапары себеп болуы мүмкін деп санайды, онда ол Германия канцлері Ангела Меркельмен кездесіп, Донбастағы қақтығысты реттеу мәселесін талқылаған.

Украиналық саясаттанушы осыдан бір апта бұрын Аваковтың болашағына қатысты нақты шешім болмағанын айтты. «Президенттің айналасында отырған адамдар екі түрлі көзқараста: біреулері ол қызметінен кетуі керек десе, ал басқалары Аваковты «майдан» қаупінен сақтаған үкіметтің тірегі деп, мұны ауыр салдарға әкелетін қауіпті қадам деп есептейді. Демек, осы күндердің ішінде аталған шешімді қабылдауға мәжбүр еткен бір жағдай болды, — деп түйіндеді Золотарев».

Оның пайымдауынша, бұған бірнеше себеп бар және ең ықтимал себептердің бірі таяуда Зеленскийдің Меркельмен кездесуі, ол Украина заңнамасына «Штайнмайер формуласын» имплементациялауға және Донбасста сайлау өткізуге шақырды. «Аваков Минск келісімдеріне қарсы болды. Осы жағдайда [Зеленский] айтқанын бұлжытпай орындайтын адам іздеу керек», — деп атап өтті Золотарев. Сарапшы мұны Минск келісімдерін имплементациялау әрекетіне, сондай-ақ үкімет жүргізіп отырған тарифтік саясат пен жер нарығын енгізуге қарсы адамдардың наразылық көңіл-күйінің өсу қаупімен түсіндірді.

«Шамасы, күзде жағдай шиеленісіп кетуі мүмкін. Осы жағдайда [Зеленский Аваковтың орнына ұсынған Денис] Монастырский — бұл ымыралы нұсқа. Бұл Аваковпен жұмыс істеген адам, оған бөтен емес», — деп атап өтті Золотарев.

Саясаттанушы 12 шілдеде АҚШ-тың Украинадағы уақытша сенімді өкілі міндетін атқарушы Джордж Кенттің келуі отставкаға жіберуге тағы бір себеп деп атады. «Кент пен Аваков бұрыннан бір-бірін таниды, олардың дос десе болады, Кент Аваковқа отставкаға кетуге кеңес берген болар», — деп болжады сарапшы. Золотарев ІІМ басшысына қатысты шешімді қауіпті қадам» деп атап, «Аваков 300 мың адамнан тұратын ведомствода басшылық етті, ал екінші жағынан — оның көшедегі радикалдарға ықпалы болды» деп түсіндірді. Саясаттанушының айтуынша, «енді Аваковтың ықпалы қалады, бірақ ол бұрынғыдай күшті болмайды».

Сейсенбі күні Аваков отставкаға кетуге өтініш білдіргенін мәлімдеді. Зеленский осы қызметке Монастырскийді тағайындауды ұсынды. Болжам бойынша, парламент Аваковтың отставкаға кетуі мәселесін бейсенбі күні, ал Монастырскийді тағайындау туралы мәселені жұма күні қарайды. Аваков министр лауазымын 2014 жылдың 27 ақпанынан бері атқарып келеді.

Добавить комментарий