Президент еліміздің жоғары оқу орындарындағы білім деңгейін көтерудің сапасы және «дипломдарды басып шығаратын» мекемелердің жабылуы туралы бірнеше рет айтқан болатын. Көлік академиясының жабылуы осы бағыттағы айқын қадамдардың бірі болды ма және БҒМ шешімі екі ұйым арасындағы шиеленісті қарым-қатынастармен байланысты емес пе.
Жоқ жерден еліміздің стратегиялық маңызы бар кадрларды даярлаумен айналысатын ең көне академияларының бірі жабылғаны туралы жаңалық жарияланды. Бұл Қазақ көлік және коммуникация академиясы туралы айтылып жатыр. Тексерушілердің назарына ЖОО бір жыл бұрын түскен. Тексерушілер бірқатар өрескел бұзушылықтарды анықтады: әлсіз оқытушылар, оқу құралдарының жетіспеушілігі, сондай-ақ жұмыс берушілердің мамандарды даярлау сапасына қанағаттанбауы. Бірақ бұл шағымдармен ҚазККА үзілді-кесілді келіспей, министрлікті жала жапты деп айыптап, БҒМ-ге қарсы соққы берді. Білім беру саласындағы қалыптасқан жағдайды ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов түсіндірді.
«Елімізде соңғы уақытта көптеген жоғары оқу орындары ашылды. Олардың барлығына мүмкіндік берілді, бірақ бұл мүмкіндікті барлығы пайдалана алмады. Біреулердің жабдықтаумен қиындықтары болды, корпустар, жатақханалар жетіспеді, интернетпен қамтамасыз етуде мәселелер туындады. Елімізде онға жуық университет бұл мәселелерді ешқандай жолмен шеше алмауда», — дейді сарапшы.
Сондай-ақ, ол коммерциялық тәсіл елдегі жоғары білім беру жүйесін бұзатыны туралы айтты.
«Өкінішке орай, жоғары оқу орнына бизнестен келген құрылтайшылар университетке әрқашан табыс көзі ретінде қарайды. Олай болмауы керек! Өйткені оқу мекемесі өз табысын білім беруді дамытуға бағыттауы тиіс. Ал біреулер тек табыс тауып, білім саласына инвестиция салғысы келмейді. Бірқатар жоғары оқу орындары өз табыстарының 20%-ын ғана дамытуға бағыттайды.
Біз оларға (ЖОО басшыларына — ред.) «Егер сіз университетті дамыта алмайтын болсаңыз, онда басқа салаға көшіңіз» дедік. Білім беру — алкогольді ішімдіктерді сату емес, бұл бизнес емес қой. Егер адамдар сіздерге оқуға келсе, онда олар оқу құралдары, Интернет, жатақхана болуын, толық қамтамасыз етілуін қалайды. Студенттер сіздердің кірістеріңізге инвестиция салу үшін келген жоқ. Дұрысы лицензияларды қайтарған жөн. Университет болу міндетті емес, мамандығы шектеулі академиялар, институттар, колледждер қатарына өтуге болады, сонда сіз өз күшіңізді нарықта сұранысқа ие бірнеше мамандыққа шоғырландыра аласыз», — дейді Рахман Алшанов. Көлік академиясына қатысты ол университеттің жабылғанын білгенде қалай есеңгіреп қалғанын айтты.
«БҒМ-ның ҚазКАА-ға қатысты шешіміне келсек, мен қатты таңғалдым. Бұл мен үшін қатты шок болды! ҚазКАА-ға жаңа команда келді. Бұрын университеттің басты акционері «ҚТЖ» компаниясы болатын, бірақ ол неге екені белгісіз осы университеттен кетті. ҚазКАА-да көптеген оқытушылар міндетін атқарушы ретінде жұмыс істейді, бұл барлық оқытушылар құрамының 20% жуығы. Мен ертең ҚазКАА-ға қатысты барлық талаптардың мәнін анықтау үшін Нұр-Сұлтанға ұшамын. Бірақ, егер ЖОО сапалы мамандар даярламайтын болса, онда оның неге жұмыс істеуі керек? Теміржол — маңызды стратегиялық сала. Бұл біздің қауіпсіздігіміз. ТЖ жағдайында — біздің қорғаныс саламыз ғой. Мамандардың да тиісті болуы маңызды. БҒМ олардың жаңартылған бағдарламалары жоқ деп санайды»
Сарапшының пікірінше, оқу орнының жағдайы анық емес. Мүмкін ЖОО-да академияның мүліктік кешенін пайдаланғысы келетін жаңа қожайындар пайда болған шығар.
«Шын мәнінде, бұл мәселеге мұқият тоқталу керек. Жаңа команда келді ғой. Белгісіз бір кәсіпорын бұл ЖОО-ны сатып алды. Біреулер университеттің жаңа басшылығының мақсаты ЖОО-ны жабу екенін айтады, себебі Академияның корпусы жақсы, ғимараты жақсы. Әзірге мұның бәрі де тексеруді қажет ететін әңгімелер. Бірақ Академияда бұл мәселені БҒМ-мен бірлесіп бірден реттеуге тырыспады, олар басқа тәсілді таңдады. Олар ескерту жасалғанда мүмкіндікті пайдаланбады».
Анықтама! Академия басшылығына кемшіліктерді жоюға уақыт берілді.
Сарапшы оқытушылар құрамының кәсібилігі туралы былай деді:
«ҚазКАА басшылығы маған келді, мен оларды қуана-қуана алар едім, бірақ, өкінішке орай, бізде көлік мамандықтары жоқ. Егер аз да мүмкіндік болса, онда мен оларды алатын едім, өйткені мен оларды бұрыннан білемін. Оқытушылардан шағымдар да айтылды, бірақ біз университеттің ішкі істеріне араласпадық. Оқытушылар жұмыс істетпеді, өз әлеуетін іске асыруға мүмкіндік бермеді, бағаламайды, тыңдамайды деп шағымданды. Неге бұлай боллғанын мен білмеймін. Өйткені, оқытушылар университет үшін нан сияқты, оларды ешкімге беруге болмайтын маңызды мамандар. Ал кадрларын жоғалтқандарына жол бергендер, бұл патшалықта бірдеңе болып жатыр деген сөз».