Дәрия Трепова жарылыс болған күні Пулково әуежайынан ұшып шығу үшін ұшаққа билет сатып алғаны белгілі болды. Алайда ол келмеді, оның қайда ұшып кетпек болғаны белгісіз күйде қалып отыр.
Дарья Трепова 2 сәуірде Санкт-Петербургтің Университет жағалауындағы «Стрит-бар» кафесінде болған жарылыстан қаза тапқан әскери блогер Владлен Татарскийдің өліміне күдікті болған. Болжамдардың бірі бойынша, жарылғыш затты келушілердің бірі — өзін Анастасия деп таныстырған қыз әкелген.
Трепова донаттарын Ресейде тыйым салынған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қорына экстремистік ұйымына жіберіп отырған. Тәртіп сақшылары Дарья Трепованың пәтерінде жүргізген тінту жұмыстарын аяқтады. Полиция арнайы жасағы басып кіріп, бірнеше адамды ұстады.
Жарылыстан кемінде 30 адам зардап шекті, олардың алтауы ауыр халде жатыр. РФ Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ауруханаға жатқызылғандардың арасында амалған күдікті де бар. Ресейдің Санкт-Петербург қаласы бойынша ТК «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. РФ СІМ-нің ресми өкілі Мария Захарова Владлен Татарскийдің қазасына қайғыра көңіл айтып, ресейлік журналистер Киев үкіметі тарапынан жиі зорлық-зомбылық ұшырап отырғанын атап өтті.