Санкт-Петербургтегі мұнай базасына шабуыл жасаған ұшқыш украиндық болып шы0ты

Украинаның стратегиялық өнеркәсіп салалары жөніндегі министрі Александр Камышин Давоста Санкт-Петербургтегі мұнай базасына украиналық дрон шабуыл жасағанын жариялады. 1250 шақырым қашықтықты ұшып өткен ұшқышсыз басқарылатын ұшақ Украинаның технологиялық күші артқанын көрсетеді.

«Біз бәрін істей аламыз: 350 долларға кішкентай FPV-дроннан бастап, бүгін түнде Санкт-Петербургке дейін ұшып барған дрондарға дейін. Ол 1250 шақырым ұшып өтіп, нысанаға дөп тиді», — деп атап өтті министр.

Бұл оқиғаға қатысты Ресей Қорғаныс министрлігі Ленинград облысында бір ұшқышсыз басқарылатын ұшақ және екіншісі Мәскеу облысында атып түсірілгенін мәлімдеді.

Украинаның Бас барлау басқармасы Санкт-Петербургтегі мұнай терминалына жасалған шабуылды растады.

Добавить комментарий