Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері жалақыға негізсіз үстемеақы алып отырған

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің үш қызметкері «кеңседен шықпай» жұмыс істегені үшін жарты миллион теңге алған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аудиторлық тексерісі анықтағандай, ведомствоның үш қызметкеріне коронавирус жұқтырған науқастар туралы ақпарат жинағаны, құжаттарды толтырып, оларды сараптама жасағаны үшін қосымша төлем есептелген. Өткен жылдың мамыр айынан шілде айына дейін кеңседен шықпай қағаз жұмыстарын орындағаны үшін оларға жарты миллион теңге төленді. Сол уақытта инфекция ошақтарында белсенді жұмыс істеген медицина қызметкерлері қосымша ақысынан айырылған.

Дамир Хабибулин, СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы:

«Айтылған жағдайларды ескере отырып, үстемақы төлеу кезіндегі бірыңғай тәсіл мен механизмдерін жетілдіру қажет. Бұл мәселе Денсаулық сақтау министрлігінің қарауына шығарылды және республикалық сараптамалық анықтамада көрсетіледі».

Добавить комментарий