Samsung Electronics компаниясы Samsung Display бөлімшесінің екі қызметкері, OLED технологиясы туралы мәліметтерді таратқаны үшін сотталды. Samsung Display қызметкерлері 2020 жылы ұсталды, оларға коммерциялық құпияны бұзды деген айып тағылды.
Оңтүстік Кореяның Сувон қаласындағы округтік сот Samsung Display компаниясының екі қызметкерін органикалық жарық диодтарында (OLED) дисплейлерді өндіру технологиясын басқа компанияға заңсыз бергені үшін екі жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, Samsung технологиясы берілген компанияның өкілі бір жылға түрмеге қамалды. Компанияның өзіне айыппұл салынды.
Тергеу мәліметтері бойынша, 2019 жылдың қараша айынан 2020 жылдың мамыр айына дейін олар басқа компанияға OLED-дисплейдің өндірісінде қолданылатын жабысқақ оптикалық материалдарды дайындау үдерісі туралы техникалық ақпарат берген.
Аталып өткендей, Samsung OLED-дисплей өндірісі технологиясын әзірлеуге 10 миллиард вон жұмсаған, сондықтан бұл технологиялардың тарап кетуі компанияға үлкен зиян келтіруі мүмкін. Тергеу барысында олар технологияны Қытайға бермек болғаны анықталды.
Естеріңізге сала кетейік, Samsung компаниясының вице-президенті мен мұрагері парақорлық туралы істі қайта қарағаннан кейін 2,5 жылға сотталды.