Samsung Electronics басшысы пара бергені үшін 30 айға сотталды

Сеул қаласының Жоғарғы соты Ли Чже Ёнды пара бергені, жымқырғаны және 8,6 млрд вон көлемінде қылмыстық кірістерді жасырғаны үшін кінәлі деп тапты. Оңтүстік Корея соты Samsung Electronics вице-президенті Ли Чжэ Ёнды екі жыл алты айға түрмеге қамады.

2017 жылы Ли биліктің холдингтің құрылыс компанияларының бірімен бірігуіне кедергі келтірмеуі үшін елдің бұрынғы президенті Пак Кын Хеге пара бергені үшін кінәлі деп танылды. Samsung Electronics басшысы бес жылға түрмеге қамалды. Ол өзінің кінәсін жоққа шығарып, апелляция бергеннен кейін үкім жеңілдетілді және бір жыл өткен соң Ли бостандыққа шықты. Кейін Жоғарғы сот істі Сеул Жоғарғы сотына қайта жіберді. Бұған дейін қоғамдық комиссия прокуратураға барлық айыптарды алып тастауды және биліктің Samsung Group-қа көшуін тексеруді ұсынғанына қарамастан, Лиға жаңа айыптар тағылды.

Ли Чжэ Ён түрмеге оралғаннан кейін оның бұған дейін қамауда отырған мерзімі шығарылған жаңа үкімде есептеледі және ол 18 ай мерзім жазасын өтейді деп күтіледі.

Ли Samsung Electronics-тегі маңызды шешімдердің қабылдауынан уақытша шеттетіледі. Ол сондай-ақ өткен жылдың қазан айында қайтыс болған әкесінің мұрагерлік процесін бақылай алмайды.

Ли Чжэ Ён 2014 жылы әкесі Ли Гон Хи денсаулық жағдайына байланысты істен кеткеннен кейін Samsung Group басшылығын басқарады.

Samsung Electronics акциялары сот шешімі жарияланғаннан кейін 4%-ын жоғалтты.

Добавить комментарий