Самат Әбіш ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары қызметінен босатылды

Бұл туралы Ақорданың сайтында хабарланды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды», — делінген жарлықта.

5 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасарын тағайындаған болатын. Ол президент әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Мұрат Нұртілеу.

Добавить комментарий