Өзбекстанның Самарқан облыстық ішкі істер басқармасының хабарлауынша, ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде Тайлақ, Самарқан және Ургут аудандарында, сондай-ақ Самарқандта ұсталған.
Нәтижесінде 15 адамнан тұратын топтың заңсыз әрекетінің жолы кесілді. Олардың барлығы ұсталды. Күдіктілер тұратын жерлерде тінту жүргізіліп, нәтижесінде экстремистік кітаптар табылды.
Алынған материалдар негізінде қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
Ұстау операциясы Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі Самарқанд облыстық басқармасы мен Самарқанд облыстық ішкі істер басқармасы қызметкерлерінің күшімен жүргізілді.
Айта кетейік, Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 26 қыркүйектегі шешімімен «Хизб ут-Тахрир» діни экстремистік ұйымы Өзбекстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдар тізіміне енгізілді.
Қазақстанда «Хизб ут-Тахрир» қызметі экстремистік деп танылып, елордалық сот 2005 жылдың наурызында тыйым салды.