«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мемлекеттік бюджеттен 163 млрд теңге көлемінде ірі несие алды.
Аталған бюджеттік несие «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен 050 бюджеттік бағдарламасы бойынша бекітілді, ол ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры «АҚ кредиттеуді көздейді.
ҰӘҚ бюджеттік несиелендірудің негізгі шарттарын үкімет 20 сәуірде бекітті және құжатқа сәйкес несие қорға жылдық 0,05% сыйақы ставкасы бойынша теңгемен 30 жыл мерзімге беріледі.