Қазақстан ешқандайға қақтығысқа араласуды қаламайтын ел. Сондай-ақ, Орталық Азия мемлекетінің тағы бір қасиеті — Қазақстанды әртүрлі елдер арасындағы келіссөздерде делдалдық функцияны орындайтын ел ретінде сипаттауға болады. Мәселен, Нұр-Сұлтан Анкара мен Мәскеу арасында туындаған мәселені шешуге көмектесті. Естеріңізге сала кетейік, қос ел арасындағы қақтығыс Түркияның Сирия-Түркия шекарасы маңында Ресейдің Су-24М бомбалаушы әскери ұшағын атып түсіруі салдарынан туындаған болатын.
ҚР-да билік басындағылар мемлекетеіміз тәуелсіздігін алғаннан кейін сыртқы саясатында Орталық Азия елі көптеген халықаралық ұйымдардың қатысушысы болады деген бағытты ұстанды. Осылайша тәуелсіз ел болғалы 30 жылдың ішінде Қазақстан БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ИКҰ, ТМД және басқа да көптеген ұйымдардың белсенді мүшесі болды. Көпвекторлы бағыт ОА еліне көптеген мемлекеттермен өзара тиімді және берік қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.
«РФ мен ҚР қарым-қатынасында бірқатар проблемалар бар. Оның себебі РФ-ның агрессивті сыртқы және ішкі саясаты болып табылады. Кремль Қазақстанды ішкі және сыртқы саясатын тікелей Ресейдің айтуымен жүргізуге міндетті әрі өзіне тәуелді ел ретінде көреді. Әрине, ҚР үкіметіне сыртқы істердегі мемлекет тәуелсіздігіне Мәскеудің қол сұғушылығын және биліктің ішкі істеріне араласуын жақтырмайды», — деп жазады батыс сарапшылары Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы жайлы.
Нұр-Сұлтан Ресейдің қатысуынсыз Орталық Азия саммитінің көмегімен көршілес елдерімен өңірлік ынтымақтастықты белсенді дамытуда. Сондай-ақ, Орталық Азия елі Түркі мемлекеттері ұйымының мүшесі болып табылады. ҚР үшін аталмыш халықаралық ұйымның мүшесі болу — елдің сыртқы саясатын жүзеге асырудың тағы бір формасы.
«Түркі интеграциясы Нұр-Сұлтанға білім, мәдениет, экономика, саясат саласын жаңғыртуды жүзеге асыруға септігін тигізеді. Түркі интеграциясы, әрине, тез шешілетін мәселе емес және көптеген аспектілер бойынша одан әрі егжей-тегжейлі пысықтауды талап етеді. Бірақ Түркі мемлекеттері ұйымын бастапқыда берік мәдени-гуманитарлық әлеуеті бар әлемдегі ең перспективалы интеграциялық жобалардың бірі деп санау керек — бұл факт. Түркі ұйымы аясындағы ынтымақтастық осы одақтың барлық мүшесіне дивидендтер әкеледі. Қазақстан үшін түркі интеграциясы — ресейлік ықпалдан алшақтау мүмкіндік береді», — деп жазады саясаттанушылар.