Салтанат Тұрсынбекова президенттікке кандидат ретінде тіркелді


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/10/speech-40902-1666291542-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы «Қазақ аналары — дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған Салтанат Тұрсынбекованы мемлекет басшысы лауазымына кандидат ретінде тіркеді.

ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов атап өткендей, Салтанат Тұрсынбекованың ұсынған құжаттардың барлығы сайлау туралы заңнама талаптарына сәйкес келеді.

Оның ішінде ҚР ОСК-ға активтері мен міндеттемелері жөнінде декларация тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы, сондай-ақ Салтанат Тұрсынбекованың оны тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың жоқ екендігі туралы медициналық қорытындысы ұсынылды.

Сенім жүктелген тұлғалар кандидатты қолдап қол жинады.

Аумақтық сайлау комиссияларының хаттамасына сәйкес, Қазақстан президенттігіне кандидатты қолдауға сенім білдірген тұлғалар еліміздің 18 өңірінде 119 316 азаматтың қолын жинады. Барлығы тексерілді, оның 118 434-і сенімді деп танылды. Яғни, тіркелген сайлаушылардың 1%-на тең.

Бұған дейін Салтанат Тұрсынбекова мемлекеттік тілді білу жөніндегі лингвистикалық комиссияның емтиханын тапсырған болатын.

Тіркелгеннен кейін Салтанат Тұрсынбековаға Қазақстан президенттігіне үміткер куәлігі табыс етілді.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасына белгіленді.

Добавить комментарий