Жақында Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путиннің елдегі ең мықты саясаткер және мемлекеттік қайраткер екенін және Ресейде оның бәсекелесі жоқ және болмайтынын мәлімдеді.
Батыстық саясаттанушылар оның сөзіне қатысты түсініктеме берді. «Мұндай мәлімдеме Ресей қоғамын 2024 жылғы наурыз айында өтетін президент сайлауына біртіндеп «дайындай» бастағанын көрсетеді. Ресейліктердің санасында Путинді таяу жылдары мемлекетті басқара алатын жалғыз адам ретінде көрсетуде. Шын мәнінде ресейлік баспасөз хатшының мәлімдемесі ресейліктер үшін ескерту сигналы болуы керек. Егер Путин алдағы 6 жылға билік басында қалатын болса, оның салдары ел үшін және оның тұрғындары үшін де өте ауыр болады», — делінген түсініктемеде.
Олардың пікірінше, Путин Украина армиясы мен оған көмек көрсетіп жатқан ЕО күштерін әлсірету үшін Украина аумағындағы соғыс қимылдарын ұзаққа созбақ.
«Кремль соғысты ұзаққа созуға ниетті. Соғыс жүргізу үшін ресурстар қажет. Оның ішінде адами ресурс керек. Ал соғыс барысында Ресей армиясы өте шығынға ұшырады. Қазіргі уақытта РФ билігі қоғамда жаппай наразылық тудыруы мүмкін шешім қабылдамауда. Мәселен, мобилизацияның жаңа легін жарияламады», — деп жазады олар.
Саясаттанушылар өз мәлімдемелерінде тек батыстық сарапшыларға ғана емес, Украинаның әскери барлау өкілдері де Ресей армиясының жүйелі проблемалары туралы айтып отыр. Олар РФ ҚК қатарынан қуылған ресейлік генерал Иван Поповтың мәлімдемесіне де сілтеме жасап отыр.
«Путин РФ президенті болып қайта сайланса, өзінің қалыпты шешімдерін қабылдайды (мобилизацияның кезекті легі). Ол кезде Путинді президенттік дода алдында маңызды болған рейтинг қызықтырмайды. Айта кету керек, РФ-да келесі мобилизацияны айтарлықтай жеңілдететін бірқатар заңдар қабылданды. Сондықтан ресейліктерге әскери қызметтен жалтару оңайға соқпайды», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.
Олардың пікірінше, Ресей күллі өркениетті әлемнен жабылды. «Біріншіден, Ресей президенті Украина жерінен армиясын шығармаса, тағы да санкциялар салынуы мүмкін. Екіншіден, РФ әлемнен оқшауланған елдермен (Иран мен КХДР) қарым-қатынасын нығайтуда. Әсіресе, әскери тұрғыда. Әлемдік қауымдастық мұндай үрдіске негативті қарайды, бұл алдағы уақытта Ресейді одан да әрі оқшаулануына алып келеді», — деп сенеді батыстық саяси технологтар.
Экономикалық проблемалар ушыға береді. «Мәселен, соңғы апталарда рубль басқа валюталарға шаққанда құлдырады. Ұлттық валютаны тұрақтандыру әлі де сәтті аяқталған жоқ», — деп мәлімдейді мамандар.
Еске сала кетейік! Ресей Федерациясында валюталық кірісті міндетті түрде сату туралы ереже бар.