Саяси билік толық Тоқаевтың қолына өтті

1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданған сәттен бастап Орталық Азия елі дүниежүзілік ұйымға халықтың болашағы үшін зор жауапкершілік жүктелген егеменді жас мемлекет болып кірді. Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа және ол жетекшілік етеін командаға Кеңес Одағы ыдыраған кейін мемлекеттілікті құру бойынша тарихи миссия берілді. Назарбаев өзіне жүктелген өкілеттіктерді орындады — Қазақстан үкіметі елді жаңғыртып, әлеуметтік саясаттың негізін қалады, экономикалық процестерді тұрақтандырды. Бүгінгі таңда Қазақстан халықаралық аренада беделі бар қуатты әрі табысты мемлекет болып табылады.

ҚР қол жеткізген жетістіктерге тоқтап қалмай, әлі де дамуда. 2019 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жаңа президенті болып сайланды. Жаңа президент билікке келгеннен кейін елде саяси жүйе қайта жанданды. Сондай-ақ, Тоқаев «Елдің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпай, табысты экономикалық реформаларды іске асыру мүмкін емес» деп мемлекеттің одан әрі дамуының негізгі тәсілдерін өзгертті. Қоғамды жаңғырту қазіргі Қазақстан үшін өте маңызды. Назарбаев билікье болғанда әлеуметтік ортақтықты — Қазақстан халқын қалыптастыра алды. Қазір билікте отырған президент қазақстандықтардың ұлттық бірегейлігін нығайту үшін шаралар қабылдауда. Осыған байланысты тілдік реформа жүргізіліп, мемлекеттің тарихы — бөтен идеологияның ықпалынсыз егжей-тегжейлі зерделеніп, қайта қарастырылуда. Бұл ұлттық-патриоттық бағытқа толық сәйкес келеді.

Фото: Тәуелсіз Қазақстан көпвекторлық қағидатын ұстана отырып, саяси және экономикалық дамуын жалғастыруда

Тоқаев сыртқы саясатта көпвекторлы бағытты ұстанады. Қазіргі таңда Қазақстан үкіметі Батыспен қарым-қатынасты дамытуға баса назар аударып отыр. Бұл ҚР-ның көпжылдық серіктесі Ресейдің АҚШ және ЕО-мен қарым-қатынасы шиеленісуіне, сондай-ақ осы қақтығысқа Орталық Азия елін тартпақ болғанына байланысты қалыптасты.

Тоқаев РФ президентіне қос ел арасындағы интеграцияны тереңдетуден бірнеше рет бас тартты. Сондай-ақ, Орталық Азия мемлекеті елдің имиджіне, Қазақстанның батыс елдерімен әріптестігіне нұқсан келтіруі мүмкін мәселеде Ресейге қолдау көрсетуді тоқтатты.

Қазақстанның сыртқы және ішкі аренадағы таңдаған бағыты Ресейдегі шенділердің наразылығын тудыруда. Сондықтан соңғы жылдары Мәскеу көршілес елге қатысты екіұшты саясат жүргізіп келеді. Мәскеу ҚР-ны әріптесі екенін мәлімдегенімен, көптеген ақпараттық шабуыл жасап, Қазақстанның билік басындағыларын сынға алады. Осыған байланысты РФ мен ҚР арасында келіспеушіліктер мен түсініспеушіліктер орын алып жатыр. Ресей өз әрекеттерімен қос ел арасындағы қақтығысты одан әрі қоздырып отыр.

Фото: Тәуелсіз Қазақстан көпвекторлық қағидатын ұстана отырып, саяси және экономикалық дамуын жалғастыруда

Тоқаевтың ел ішіндегі саясаты өзгеріссіз қалды, ол нақты бағыт ұстанады. Әсіресе, Назарбаев «Нұр Отан» партиясы төрағасы өкілеттігін қазіргі президентке беру туралы шешім қабылдағаны белгілі болды. Мемлекет басшысы партиялық ресурс арқылы негізгі ішкі саяси процестерге жеке бақылауын күшейтуде, осылайша қажет болған жерлерде араласа алады.

Добавить комментарий