Саясаттанушылар Ресейдегі пропаганда жұмыстары туралы айтты


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2023/02/speech-47499-1675277164-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Пропаганда — қажетті қоғамдық пікірді қалыптастыру және қоғамдық сананы манипуляция жасау мақсатында көзқарастарды, фактілерді, дәлелдерді, бұрмаланған ақпаратты немесе көрінеу жалған мәліметтерді тарату құралы.

«Украина аумағында соғыс қимылдары басталысымен ресейлік пропаганда «гүлденіп», толық күшіне енді. Кремльдік пропаганда ресейліктер арасында белгілі бір көзқарас қалыптастыруда. Оның ықпалына тіпті балалар да ілігуде. Мәселен, Ресейдегі барлық мектепте «Маңызды әңгіме» атты жаңа пән енгізілді. Аталған пән оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін, өз еліне деген мақтанышын, патриотизі қалыптастыру үшін өткізіледі.

Сондай-ақ, жаңа пәнді оқыту барысында балалар Украина аумағындағы соңғы оқиғалар айтылатын болады. Әскери іс-қимылдар, себептері, салдары және т.б. Оның себептері мен салдары», — деп жазады саяси технология саласындағы мамандар. Ресей армиясы Украина аумағына баса көктеп кіргеннен кейін, Ресей Федерациясының барлық телеарналары украиналық нацисттер тарапынан орыс тілді азаматтардың құқықтары мен бостандықтары тапталуына қарымта жауап екенін, сондай-ақ Украина аумағынан РФ-ға шабуыл дайындалып жатқанына байланысты алдын алу шарасы болғанын жарыса жариялады.

Саясаттанушылар Ресей Украинадағы болып жатқан оқиғаларға қоғамдық пікір қалыптастыру үшін пропаганда жүргізіп жатқанын мәлімдеді

Жоғары технологиялық қару-жарақ пайдаланылып және бейбіт тұрғындар арасында құрбан болып жатқан соғысты арнайы әскери операция деп атайды. Сондай-ақ әскери нысандарға шабуыл жасалғаны айтылды. Батыстың саясаттанушылары мұндай әдіс «жартылай шындық» деп аталатынын мәлімдеді. Көбінесе әскери нысандардың жойылғаны туралы хабарлап, азаматтық инфрақұрылым зақымданғаны жайлы ешнәрсе айтпады.

Наурыз айының соңында Ресей Бас штабының бірінші орынбасары Сергей Рудской соғыстың жаңа кезеңі басталғанын жариялады. Оның айтуынша, арнайы операцияның бірінші кезеңінің негізгі міндеттері орындалды. Сондықтан да РФ күштері мен құралдарын Донбассты толықтай босатуға шоғырландыруға уақыт жетті. Ресей әскері Киев, Чернигов және Сумы облыстарынан кері шегінді. Батыстық сарапшылар мұны сәтсіздік және ауқымды шабуыл деп атап, ресейлік БАҚ халықтың назарын басқа жаққа бұрғанын мәлімдеді.

«Осылайша, ресейлік пропаганда мен ел үкіметі «Киевті басып алу» деген мақсатын «Донбассты толық босату» деп өзгерте бастады. Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Сергей Рудскийдің сөзін қайталап, енді РФ өзінің басты мақсаты — Донбассты азат етуге бар күшін салатынын мәлімдеді. Бұл әдіс «ауқымды ойын» деп аталады. Осылайша, ресейлік жаңалықтарда Киев жайлы ұмытып, көгілдір экранда Северодонецк және Лисичанск секілді қалалар көп айтылды», — деп жазады украиналық саясаттанушылар ресейлік БАҚ-тағы жағдайға түсініктеме бере отырып.

Саясаттанушылар Ресей Украинадағы болып жатқан оқиғаларға қоғамдық пікір қалыптастыру үшін пропаганда жүргізіп жатқанын мәлімдеді

Қыркүйек айында УҚК Харьков облысында қарымта шабуыл жүргізіп, Ресей әскерін ығыстырды. РФ-да мобилизация жарияланды. «Ел азаматтарын Отанын қорғауға және патриоттық сезім ояту үшін келесі әдістер қолданылды. «Жалған дилемма», ол бар болғаны екі көзқарасты білдіреді, не бізбен біргесін, не бізге қарсысын. Осылайша, әрбір ресейлік алдында Ресей жағында болу немесе еліне қарсы болу деген таңдау болады. «Адалдық» халықтың алдында сатқын немесе қорқақ болып көрінбеу үшін белгілі бір көзқарасты болуды көздейді. «Сөзсіз жеңіс», жеңіске сөзсіз жететінін білдіреді. «Жалауды желбірету» — отансүйгіштік пен ұлт игілігі деген негіздерді алға тартып, іс-әрекеттерді немесе пайымдауларды ақтауға тырысу. Қазіргі таңда ресейліктер әлемнен оқшауланып қалды, ал елі нақты мақсат қоймай ұзақ уақытқа жалғасатын соғыс жүргізбек», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.

Добавить комментарий