Саакашвилидің төртінші баласы дүниеге келді

1 маусымда Балаларды қорғау күні 32 жастағы депутат Лиза Ясько ана атанғанын жариялады. Оның әкесі — Грузияның бұрынғы президенті, қазіргі уақытта түрмеде отырған 55 жасар Михаил Саакашвили.

Лиза өз парақшасында жаңа туған нәрестесіне арнап жантебірерлік жазба қалдырды.

Баланың жынысы және қашан босанғаны айтылмады.

«Менің баламның әкесі бірге өткізуді жоспарлаған маңызды сәттерде түрмеде және науқас болады деп елестеткен емеспін. Менің балам — менің махаббатым. Баламның әкесі үшін бұл украин қаны және жалғасы», — деп жазды Ясько әлеуметтік желідегі парақшасында.

Лиза алғаш рет ана атанып отыр, ал Михаилдың бұл төртінші баласы».

Добавить комментарий